Футбол • 05 Қараша, 2018

Андрей Аршавин «Қайрат» футбол клубынан кететін болды

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қараша күні Орталық стадионда «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинді шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлады fckairat.com.

Андрей Аршавин «Қайрат» футбол клубынан кететін болды

Қарағандылық «Шахтер» мен алматылық  «Қайрат» футбол клубы арасындағы кездесуде Андрей Аршавинге жарқын мансабы мен кәсіби ойыны үшін алғыс білдіріледі.

Андрей Аршавин «Қайрат» футбол клубында 2016 жылдың наурызынан бері ойнап келеді. Ол 107 матчқа қатысып, 37 нәтижелі пас берді, 30 гол салды. 13 – сары, 1 - қызыл қағаз алған.