Спорт • 06 Қараша, 2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы кездері жақсы нәтиже көрсетіп жүрген ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин теннишілердің жаңартылған әлемдік рейтингінде тағы бір сатыға жоғарлап, бұл күндері ол 51 сатыға жайғасты. 

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды

Өкінішке қарай, өзге жерлестеріміздің қарқыны тым баяу. Мәселен, еліміздің «ТОП-5» теннисшісіне тоқталатын болсақ, АТР тізімінде олар мынадай орындарға табан тіреп тұр: Александр Недовесов – 214, Александр Бублик – 253, Денис Евсеев – 303 және Дмитрий Попко – 551.

«ТОП-10» (ерлер): 1. Новак Джокович (Сербия), 2. Рафаэль Надаль (Испания), 3. Роджер Федерер (Швейцария), 4. Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина), 5. Александр Зверев (Германия), 6. Кевин Андерсон (ОАР), 7. Марин Чилич (Хорватия), 8. Доменик Тим (Австрия), 9. Кэй Нисикори (Жапония) және 10. Джон Изнер (АҚШ).

Әйелдер арасындағы «ТОП-100» теннисшінің қатарында қос жерлесіміз ғана бар. Олар – Юлия Путинцева мен Зарина Диас бар. Қазіргі кезде WTA тізімінде Юлия 45 орынды иеленсе, Зарина 91 сатыға табан тіреді. Ал өзге мықтыларымыз мынадай орындарға жайғасты: Елена Рыбакина – 191, Анна Данилина – 373 және Гозаль Айнитдинова – 512.   

«ТОП-10» (әйелдер): 1. Симона Халеп (Румыния), 2. Анжелика Кербер  (Германия), 3. Каролин Возняцки (Дания), 4. Элина Свитолина (Украина), 5. Наоми Осака (Жапония), 6. Слоан Стивенс (АҚШ), 7. Петра Квитова (Чехия), 8. Каролина Плишкова (Чехия), 9. Кики Бертенс (Голландия) және 10. Дария Касаткина (Ресей).  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»