Қазақстан • 06 Қараша, 2018

Қостанайда 25 жасар полиция қызметкері ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция департаменті Жеке қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері пара бопсалаумен айналысқан полицейді ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайда 25 жасар полиция қызметкері ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

Пара бопсалаған Жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторы бар болғаны 25 жаста ғана. Осыдан сәл бұрынырақ Жеке қауіпсіздік басқармасына әйелден полицейдің өзінен ақша бопсалағаны жөнінде шағым түскен болатын. Қазір осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. ҚР ҚПК 128- бабы бойынша ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына отырғызылды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай