Тілектес Есполов: Мақсат – әлемдік деңгейдегі университетке көшу

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту» міндеті қойылған. Бүгінде 90 жылдық даму тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі жетекші аграрлық жоғары оқу орны ретінде аграрлық нарықта сұранысқа ие кадрларды дайындау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде. 2010 жылдан бастап ЖОО ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануда және осы жолда қомақты нәтижелерге жетуде. Жоғары оқу орнының бүгінгі сапалы дамуындағы жаңа кезең – ол әлемдік деңгейдегі университет позициясына көтерілуі. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Тілектес ЕСПОЛОВПЕН әңгімелескен едік.

Егемен Қазақстан
07.11.2018 3605
2

– Тілектес Исабайұлы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақ­стан халқына Жолдауында «Агроөнер­кәсіптік кешеннің әлеуетін толық іске асыру керек» деп атап көр­сет­кен. Осыған байланысты, бүгі­нде АӨК-тің әлеуеті қалай пайдала­нылу­да, жалпы, осы саланың дамуын қазіргі таңда қандай мәселелер тежеуде?

– Қазақстан орасан ұлттық байлық­қа ие, оның 85%-ы табиғи-ресурс­тық әлеуетке тиесілі. Еліміздегі ауылшаруа­шы­лық жерлердің көлемі – 215 млн га, бұл әлем­дік ресурстардың 4%-тен астамын құрайды. Бүгінде АӨК жалпы өнімі 11,0 млрд АҚШ доллар немесе елдің ІЖӨ-дегі үлесі – 7,8%-ын құрайды, яғни соңғы 10 жылда ауылшаруашылығындағы өндіріс көлемі шамамен 4 есеге өсті. 

АӨК елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндетті шешеді. Сондықтан саланы сауықтыруға байланысты түрлі шаралар қолға алынуда. Мәселен, ауылшаруашылығындағы әртараптандыру бағдарламасы аясында соңғы жылдары астық дақылдарының егістік алқаптары қысқарып, майлы және мал азықтық дақылдардың, көкөністер­дің және қант қызылшасы алқаптары­ның көлемі артуда. Атап айтқанда, егіс­тік алқаптары: майлы дақылдар – 3,0 млн, мал-азықтық дақылдар – 4,5 млн, қант қызылшасы – 11 есеге (1,1 мың га-дан 12,6 мың га-ға), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 462 мың, жеміс-жидектің алқаптары 100 мың га өседі. Соңғы 5 жылда мал азықтық дақылдардың егістік көлемінің өсуі ет өндірісін 13,7%, сүт өндірісін 10,0% арттыруға мүмкіндік берді. Ал суармалы алқаптардың аумағы 1,5 есеге, ал 1 га-дан түсетін табыс 2,7 есеге өседі. Соны­мен қатар АӨК-тің зор мүмкіндігіне қарамастан, жоғары технологиялық өндірістер бойынша импорт сақталуда. Өнім импортында ең жоғары үлес салмақ ірімшіктер мен сүзбеге (51%), сарымайға (36,4%), шұжық өнімдеріне (46%), ет және етті-өсімдік консервілеріне (40%) тиесілі. Ішкі тұтынуда құрақ қантының импорты – 55,0%, ал дайын қанттың үлесі – 42%. Қолданыстағы қант зауыттарының өндірістік қуаттары 37,0% жүктелген. Сонымен қатар республикада жеміс-көкөніс консервілері де импортталады. Ішкі тұтынудағы оның үлесі – 84,0%, ал жеміс-көкөністерді өңдейтін зауыттар тек 27,0% жүктелген. Елбасының кейінгі Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес, өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда мемлекеттік бюджеттен қосымша 500 млрд теңге бөлінетін болады. Саланы тікелей мемлекеттік қолдау (сары себет) деңгейі де төмен, бұл жалпы өнімнің құнына шаққанда Беларусь елінде 10,9%, Ресейде 4,7% болса, Қазақстанда 4,4% құрайды. Ал ДСҰ келісімі бойынша мемлекеттік қолдаудың шекті деңгейі 8,5% болуы тиіс, яғни АӨК әлеуетін тиімді және толық пайдалану үшін осы мәселелерді кең ауқымда қарастырып, шешу керек. Қазақстандық ғалым­дардың есептеуінше, жақын жыл­дарда ауылшаруашылығының мате­риал­ды-техникалық базасын нығайту, мал­шаруа­шылық фермаларды, қайта өңдеу­ші және ауылшаруашылық өнімді сақтайт­ын кәсіпорындарды салу және т.б. инфрақұрылымды құру үшін 13 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет болады. Бұл сома қомақ­ты болғандықтан, Үкімет тек бюджет құралдарын емес, жеке инвесторларды да тартуы қажет. 

– 2017-2021 жылдарға арнал­ған АӨК-ті дамытудың мемлекет­тік бағ­дар­ламасының өзекті­лігі техно­ло­гия­л­ық қайта жарақтандыру­ды талап етеді. Ал оны ғылым мен білімсіз іске асы­ру мүмкін емес. Аталған бағ­дар­ла­ма а­я­сында отандық аграр­лық ғылым мен білімді қалай жаңа формат­қа көшіруге болады?

– Мемлекет басшысының Жол­дауын­дағы АӨК-ті дамыту бойынша тап­­сыр­масын орындау үшін АШМ АӨК-ті да­мы­тудың басым бағыттарына сай, келесі шараларды қолға алып отыр. АӨК субъектілерін қаржыландыру­дың қол­же­тім­ділігін арттыру мақсатында қолданыстағы және жаңа қаржы құрал­дарын жетілдіру бойынша жұмыс жүр­гі­зілуде. Бизнестің қажеттіліктері мен ин­­но­­­ва­циялық технологиялардың транс­фер­т­ін есепке ала отырып, аграрлық ғылым мен білімді реформалау қолға алынды. Қызметтері мен мамандандырылған салалары қайталанатын ғылыми-зерттеу инс­титуттарының санын 23-тен 12-ге қысқартып, ал тәжірибелік стансалар санын 12-ден 19-ға дейін арттыру көз­деліп отыр. Корпоративтік бас­қару стан­­дарт­­тарын енгізу арқылы Ұлттық аграр­­­лық ғылыми-білім беру орталы­ғы­ның құ­­ры­лымын оңтайландыру бойын­ша жұ­мыс жүргізу жоспарланып отыр. Жеке шаруа­шы­лық­тар базасында да тәжі­ри­белік-көр­се­тілім іс-шаралары жүргізілетін болады.

Биыл АШМ шешімімен университетке 2: «Жеміс-жидек және жүзім шаруа­шы­лығы» ҒЗИ, «Картоп және көкө­ніс шаруа­шылығы» ҒЗИ сенімгерлік бас­қаруға беріліп, Орман шаруашылығы комитетіне қарайтын «Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» университеттің сенімгерлік басқаруына берілетін болады. Аграрлық білім беру сапасын арт­тыру мақсатында аграрлық сектор­ды жаңа білім мен практикалық дағдыларды меңгерген білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін еліміздің 3 аграрлық жоғары оқу орындарын шоғырландыру ұсынылды. Бұл міндет «Назарбаев Университеті» үлгісінде жоғары оқу орындарына жетек­ші әлемдік университеттердің стандарттарын енгізуді қамтиды.

Қазіргі таңда оқу орнында әлемдік деңгейдегі зерттеу университетінің өзін­дік тұжырымдамасы әзірленген. Осы­ның аясында «ғылыми таланттарды» (оқытушылар мен студенттер) тарту, білім алу және АӨК басым бағыт­тары бойынша ғылыми-зерттеулер жүр­гізу үшін қажетті ресурстарды шоғырлан­ды­рып, тиімді менеджмент қолдану қажет.

– Ауыл шаруашылығын мемле­кет­тік қолдау деңгейінің төмендігін атап өттіңіз. Қазіргі таңда саланы субсидия­лау ережелеріне қандай түзетулер мен толықтырулар енгізілуде?

–  2021 жылға қарай ауылшаруашы­лы­ғында жұмыс істейтін бір адамға шақ­қанда еңбек өнімділігі 3,3 мыңнан 10,8 мың АҚШ долларына дейін жетуі тиіс. Осы мақсатта ауыл кәсіпкерлерін мемлекет тарапынан қолдау шараларын арттырып, қолданыстағы қаржы құралдарын жетілдіру және жаңаларын енгізу бойынша шаралар жоспарланған. Автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу жолымен субсидиялардың  тиім­сіз түрлері қысқарып, оларды алу рәсім­дері барынша жеңілдетіледі. Сақ­тан­дыру мәселелері толық қайта қаралады. Міндетті сақтандырудан ерікті сақ­тан­дыруға, сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдаудың тиімді әдістерін енгізу саланың несиеге қабілеттілігін жоға­рылатуға мүмкіндік береді. АӨК субъектілерін әрі қарай несиелеу үшін несие серіктестіктерінің бюджеттен тыс қаржыларды тартуға мүмкіншіліктер туғызылады, яғни бұдан кейін бюджетке тәуелді болмайды. Субсидиялауға жасалған талдау тауарлы-специфика­лық субсидиялардың тиімсіз болғанын көрсетті. Себебі осыған дейін егістік алқабының көлеміне қарай субсидия алып келген тауар өндірушілер түсімділікті арттыру, жаңа технологияларды енгізу және қаржыны үнемдеу туралы ойланбайтын және ведомствоаралық комиссия егіс­тік жерлердің бар-жоғын нақты тексер­местен, гектарлық субсидиялау туралы шешімдер қабылдаған жайттар да орын алған болатын.

Бүгінде АШМ бос қаржыны несие және лизинг бойынша пайыздық сыйа­қы мөлшерлемесін арзандатуға және инвестициялық субсидиялауға, ең алдымен фермерлерді техникалық және технологиялық қайта жабдықтауға ба­­ғыт­­таған. Ұсынылған шаралардың бар­­лығы жасыл себетке ене отырып, ДСҰ та­лаптары аясында шектеусіз қол­да­ны­лады. АШМ деректері бойынша Қазақ­стандағы ауылшаруашылығын суб­сидиялаудың жылдық көлемі осы саланың жалпы өнімінің 4-5% құрайды, бұл қалыпты деңгейден 4,1% төмен. Ал ауылшаруашылығын мемлекеттік қол­дау деңгейі жалпы ауылшаруашылығы өнімі­нің құнына шаққанда Швейцарияда – 79%, Жапонияда – 74%, Норвегия мен Исландияда – 72%, Еуроодақ елдерінде – 46%, Түркияда – 31%, Польшада – 25%, Канадада – 23%, АҚШ-та – 15%, Венгрияда – 14%, Мексикада – 13%, Чехияда – 12%, Аустрияда – 9%, орташа алғанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында 38% құрайды.

Қазақстанда ауылшаруашылығын субсидиялауда және өндірілген өнімдердің еркін саудасына ықпал ету мақсатында Аустралияның Кэрнс қаласында 1986 жылы құрылған Керн тобына кіретін елдердің тәжірибесі қолданылады. Осы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жанама шаралар фермерлерді өндіріс тиімділігін арттыруға және ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс істеуге ынталандырады. Ал тікелей және бұрмалаушы дотациялар шаруашылықтарды дамытудың орнына оны бір деңгейде ұстап тұрады немесе зиянын тигізеді, яғни шаруа­шылықты тиімсіз жүргізуге алып келеді. Керн тобы елдерінің фермерлеріне мем­ле­кеттік қолдау мейлінше аз көрсе­тіледі. Бразилияда бұл көрсеткіш фермер­лік шаруашылықтардың жеке табысы көлемінің 2,6%, Аустралия мен Жаңа Зеландияда 1% жуығын құрайды.

Ауылшаруашылығын субсидиялау­дағы басымдықтарға импорт алмастыру мен экспортқа бағдарлану жатады. Реформалау нәтижесінде субсидиялаудың 54 түрі 34-ке қысқарады. Жаңа құрал – аграрлық қолхатты енгізу инвесторлар мен несие берушілердің өнімді нақты жинап алуға дейін, болашақ өнімді кепілге қою арқылы қаржыландыруға мүмкіндік береді. Салықтың барлық түрінің орнына бірыңғай ауылшаруашылық салығын енгізу жоспарлануда. Субсидиялардың қысқаруы ауылшаруашылығын ынталан­дыруға бөлінетін қаржы көлемінің азаюы деп түсінуге болмайды. Бұл техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу, технологияларды енгізу, генетиканы жақсарту, тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар алу, кеңесшілер тарту, АӨК еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа әзірлемелерге жұмсалады. 

– Қазақ ұлттық аграрлық универ­ситеті әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануда. Бұл бағытта қандай ауқымды жұмыстар атқарылуда?

– Елдің экономикалық дамуы және әлем­дегі бәсекеге қабілеттілігі, көбіне білім мен ғылымға тәуелді, осы жолда уни­вер­ситеттер шешуші рөл атқарады. Ақ­параттық және коммуникациялық тех­ноло­гиялар, биотехнологиялар мен жаңа мате­риалдар, яғни ғылым мен техника­ның жедел дамуы – экономикалық өсу қарқы­нын үдетіп, оны ұлғайтатын едәуір әле­ует­ті қамтамасыз етеді. ҚазҰАУ отан­­­дық ауылшаруашылық білім мен ғы­­лым­­ды жан-жақты дамытуда жүйе­лі жұ­­мыс жүргізіп, елдің маман­дар­ға сұ­ра­н­ы­сына сәйкес білім беру бағ­дар­­л­а­ма­лары спектрін тұрақты түрде кеңей­туде. Мамандар дайындаудың сапалық дең­гейін арттырып, тек Қазақ­станда емес, шет мемлекеттерде де өзін мойындатып келеді. 2017 жылы университет Webometrics Ranking of World Universities рейтинг көрсеткіштері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 3-орынды иеленді. Бұл рейтинг Мадридте орналасқан Испания ұлттық зерттеу кеңесінің (CSIC) Cybermetrics Lab базасында жарияланған. Рейтинг көрсеткіштерінде интернетте ғылыми қызмет нәтижелері ашық жарияланады және әлем бойынша 12 мыңнан астам уни­­в­ер­ситеттің веб-индикаторларын қам­­тамасыз етеді. UI Green Metric ғалам­дық рейтингісі бойынша университет 423 орынды иеленіп, әлемдегі 500 топ-уни­вер­­ситеттер қатарына енді. Ин­­до­­не­зия уни­верситетінде негізі қалан­­ған бұл рей­тингтік платформа «экологиялық таза» саясатты енгізуге және білім беру кеңістігінде іс-әрекет өзгерістерін басқаруға арналған. 2018 жылы QS Quacquarelli Symonds (Англия) рейтингісінде университет 651орынды иеленді. Бұл бағалау жүйесіне сай, жоғары оқу орны ғылыми-зерттеулер саласындағы беделділік, оқытушылар құрамының студенттер санына қатынасы, сілтеме жасау индексі, шетелдік студенттер мен шетелдік оқытушылардың үлесі секілді көрсеткіштер бойынша бағаланады. Жуырда ғана университеттің «Су ресурстары және суды пайдалану» саласындағы білім беру бағдарламалары Халықаралық KazSEE инженерлік білім ассоциациясының евро-бакалавр, евро-мастер санаттары бойынша сапа сертификатына ие болды. 

Бүгінде университет елдің АӨК саласына қажетті жоғары білікті мамандарды дайындауда көшбасшылардың біріне айналды. Университетте ғылым, білім және өндіріс интеграциясы елімізде 2002 жылы «АгроДаму» ғылыми-өндірістік концорциумы құрылған кезден бас­талып, бүгінде «Экстеншн» жүйесі енгізілді. Сондай-ақ 22 мыңнан аса шаруа қожалықтарын қамтитын Қазақстандағы жалғыз «Жоғары фермерлердің мектебі» қызмет көрсетеді. Отандық жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі ретінде университет 2010 жылдан бастап жобалық басқарудың халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, әлемнің ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарының 13 халықаралық сарапшы­лары­мен бірлесе отырып ұлттық зерт­теу университетіне трансформация­лану бо­йын­ша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2015 жылы университет еліміздегі жоға­ры оқу орындарының арасында алғаш­қы­лардың бірі болып тәуелсіз бас­қару­ды іске асыру мақсатында жаңа ұйым­дас­тыру-құқықтық формада қайта құрылып, БҒМ қарамағынан АШМ құзырына өтіп, сол жылы университетте 8 инновациялық ор­талығы, 6 ҒЗИ, 31 инновациялық зерт­ханадан тұратын үздік халықаралық тәжі­рибелер мен технологиялар тарту үшін Агротехнологиялық хаб құрылды. 

Қазіргі таңда ҚазҰАУ ғылыми-білім беру франчайзингі трансферті негізін­де әлемдік деңгейдегі университет моде­лін құруды жоспарлауда. Бұл бағыт­та шетел­дік жетекші жоғары оқу орын­дары­­ның тәжірибесі зерттелді. Мысалы, бри­тандық университеттерде Азия елдерінің 700 мыңнан астам студенті өз елдерінен шықпай-ақ білім алады. Британдық университеттердің көпшілігі шетелдерде өздерінің дипломдарын әріптес жоғары оқу орындары арқылы ұсынады. Олар жергілікті оқу орындарында британдық университеттің толық бағдарламасын меңгеріп, оқып, дипломын алып шығады. Малайзия сияқты елдер шетелдік жоға­ры оқу орындарының франчайзинг бағдар­ламаларын өз университеттерін жылдам дамыту құралы ретінде қолданады. Қазақстанда мұндай франшиза тәжірибесі бар. Мәселен, Назарбаев Университеті Дьюк Университетімен (АҚШ) бизнес білім беру бойынша жұмыс істейді. 

Бүгінде ҚазҰАУ өзінің иннова­ция­­­­­лық даму жолында әлемдегі аграр­лық жо­ға­ры оқу орындары арасында 1-орын­­­да тұрған Вагенинген универ­си­­­теті­­­­нің (Ни­дер­ланды) және QS рей­тин­гін­де 8-орында тұрған Мичиган уни­ве­р­сите­ті­нің (АҚШ) тәжірибесіне сү­йе­не­ді. Жуырда біздің ұжымның ға­лым­дары Вагенинген университетінде бо­лып, өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге келіп, білім алушыларды бір­лесе оқытудың негізгі бағыттарын ай­қын­дады. Біз азық-түлік технологиясы, азық-түлік эпидемиологиясы және қоғам­дық денсаулық сақтау, өсімдіктану ма­ма­ндықтары бойынша магистранттар­ды толығымен online режімінде оқыта аламыз. Сонда 3-4 жылдан кейін түлектеріміз Вагенинген университетінің дипломын алып шығатын болады. Сонымен қатар студенттер мен магистранттар online ре­жімінде модульдік білім беру курс­тары бойынша білім ала алады. Олар кәсі­би тәжірибелері мен зертханалық жұ­мыс­тарын Вагенинген университетінің ғылы­­ми ор­талықтарында өткізеді. Ауыл кәсіп­­­кер­­лер­інің де online режімде өз­дері­нің сұраулары бойынша біліктілік­терін жетілдіруге мүмкіндіктері бар. Халық­аралық LabEX форматындағы зерт­теу бағ­дар­ламалары аясында АҚШ-тың Кор­нель, Мичиган және Невада уни­вер­си­тет­терімен жалпы құны 1 млрд теңге бол­атын бірлескен жобалар жасалады. Фран­шизаны енгізу нәтижесінде тиім­сіз білім беру бағдарламаларын азайту, рей­тин­гілік көрсеткіші төмен оқыту­шы­ларды қысқарту, үлгерімі нашар сту­дент­терді оқудан шығару меха­низмдері қарастырылады. 

Қазіргі уақытта қос дипломдық бағ­дар­ламаларды іске асыру мақсатында Александрас Стульгинскис университеті (Литва), Брест мемлекеттік техникалық универ­ситеті (Белоруссия), Путра универ­ситеті (Малайзия), Нитрдағы Словац аграр­лық университеті (Словакия), Вайнш­тефан университетімен (Германия) бакалав­риат пен магистратура деңгейінде «Су ресурстары және суды пайдалану», «Тағам қауіпсіздігі», «Биотехнология», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы», «Аграрлық техника және технология», «Экономика», «Жерді мелиорация­лау, баптау және қорғау», «Аграрлық менеджмент» мамандықтары бойынша келісімдер жасалуда. Бұқаралық ашық онлайн-курстарды дамыту бо­йынша жұмыстар қолға алынып, «жаңа мамандықтар атласы» негізінде білім беру бағдарламалары әзірленуде. 

2017 жылы Азия даму банкінің қол­дауы­мен  су ресурстарын бірлесіп бас­қару бойынша Орталық (Су хабы) құрыл­ды. Орталықтың 15 зерттеу зертханасы ресурс үнемдеуші технологиялар­ды пай­да­лана отырып су ресурстарын тиімді бас­қару мәселелерін кешенді шешумен айна­лыс­ады. Жер хабы аясында АҚШ ауылшаруа­шылығы министрлігімен (USDA) бір­лесе сандық алгортимдік тал­дау жү­йе­сін пайдалана отырып жайы­лым­дық  жерлердің тозуын зерттеу және бағалау әдістемесін енгізу жобасы іске асуда. Агробизнесті стратегиялық зерт­теу орталығы құрылған, мұнда сту­дент­тер екінші курстан бастап агро­құры­лым­дардың нақты деректері бойынша бизнес-жоспарлар әзірлеп үйренеді. Дипломдық және өзіндік жұмыстары өндіріске енгізі­летін стартап-жобаға айналады. Биыл ғана 200 стартап ұсынылып, 10 жоба 150-ден 1000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға ие болды. 

Студент, магистрант, PhD докто­ранттарды оқыту барысында, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірінде елдегі барлық 177,5 мың шаруа (фермер) қожалықтарының 80% шоғырланғандықтан, АӨК мамандарын қайта дайындауда заманауи цифрлы технологияларды пайдалану мақсатында Ситуациялық орталық ашылды. Ситуациялық орталықты қосым­ша жабдықтау ауылшаруашылығы сала­ларының тиімділігін арттыруға, аграрлық сектордағы ақпараттық-сараптау және болжауды жақсартуға, GIS технологиялар, бағдарламалық талдау және үлкен деректердің аналитикасы негізінде жедел басқару шешімдерін тиімді, әрі дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді. 

ҚазҰАУ Шығыс Финляндия универ­си­теті­мен бірлесе тамақ өнеркәсібі үшін қосдипломдық бағдарлама бойынша магистр­лер дайындайды. Ағымдағы жыл­дың қазан айында мемлекетаралық дең­гейде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Фин­лян­дияға іс-сапарында Шығыс Фин­лян­дия Университетімен магистрлер мен PhD докторларды бірлесе дайындау туралы келісімге қол қойды. 

2018-2027 жылдары ет өнімін өндіру малшаруашылығын дамытудың ұлттық стратегиясы аясында университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылығы базасында Бразилия, Аргентина, Жаңа Зеландия, Аустралия, АҚШ және тағы басқа сиыр етін экспорттау бойынша көшбасшыға айналған елдердің тәжірибесі есебінен «Үлгілі ферма» аймақтық тәжірибелік-оқыту орталығы құрылады. Сандық технологиямен жабдықталған 3 ферманың екеуі – ірі қара, біреуі – қой фермасы. Алын­­ған мәліметтер университеттің Си­туа­ция­лық орталығының серверінде өң­де­ліп, нәтижелері фермерлерге мобиль­ді құрылғылар арқылы жіберіліп отырады. 

Алматы қаласында ағымдағы жылдың 9-қараша күні ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторы ретінде аграрлық білім мен ғылым­ның сапасын жоғарылатуға арнал­ған халықаралық форум өтеді. Депу­таттық корпус, жетекші аграрлық кәсіпорындар, салалық одақтардың өкілдері, шетелдік және отандық ЖОО мен ғы­лыми орталық­тардың және басқа да меке­ме­лердің көрнекті ғалымдары, сарап­шы­лары бір алаңда бас қосатын болады.

ҚазҰАУ алдында әлемдік деңгейдегі университет құру міндеті қойылған. Бұл мақсаттағы жобаларымызды жүзеге асыру білім сапасын арттырып, озық шетел­дік тәжірибелерді университетке және Қазақстанның басқа да жоға­ры оқу орындарына енгізу барысын жеделде­теді. Осының нәтижесінде түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету көрсеткішін 95%-ға жеткізу, ал еліміздің АӨК-тегі еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру жос­пар­ланып отыр. Біздің ұжым осы маңыз­ды міндеттің табысты орындалуына барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.

Әңгімелескен Алмат ИСӘДІЛ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу