Аймақтар • 07 Қараша, 2018

Түркістанда бірлестіктер белсенді жұмыс жүргізеді

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы Шымкенттегі қалалық ҚХА ғимаратында Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау бойынша жиналыс өткізді.

Түркістанда бірлестіктер белсенді жұмыс жүргізеді

Басқосуды жүргізіп отырған қауымдастық төрағасы Икрам Хашимжанов Жолдаудан Елбасының бүгінгі күннің тамырын дөп басатын көрегендігін, алыс болашақты болжай білетін тереңдігін, мемлекеттің жаңа тарихын жасаушы сұңғыла саясаткерлік тұлғасының ерекшелігін байқауға болатынын атап өтті. «Бүгінгі күні өркениеттің биік шыңына шығып, әлем назарына ілігіп отырмыз. Бұл жерде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының маңызы мен атқарған рөлі ерекше. Елбасы отандастарымызға алғашқы Жолдауын 1997 жылы жариялапты. Естеріңізде болса сол Жолдауында Н.Назарбаев: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады» дегенді аса нық сеніммен айтқан болатын. Айтқаны айдай келді», деді И.Хашимжанов. 

Аталмыш жиында баяндама жаса­ған «Өрлеу» АҚ филиалы Түркіс­тан облыстық және Шымкент қала­сы бо­йынша педагогикалық қызмет­керлер­дің білік­тілігін арттыру институты­ның аға оқытушысы Махфуза Мусаева Жолдаудың маңызы мен өзектілігіне тоқталды. Баяндамашы өз сөзінде, Жолдауда айтылғандай, әрбір қазақ­стан­дық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өр­кен­дету жолындағы маңызын жете тү­сіну­ге тиіс екеніне екпін берді. Көпші­лік­ті ортақ мақсатта, айқындалған мін­­­дет­терді жүзеге асыруға белсене жұ­­­мыс істеуге шақырды. Сондай-ақ Төле ­би ауданы өзбек этномәдени бір­лес­­ті­­гі­нің төрағасы Устонали Қоди­ров, ОҚМПУ шетел студенттерін бейім­деу орта­лы­ғының директоры Шахло Нара­лиева жарыссөзге шығып, өз пікір­ле­рін ортаға салды. Жиын қорытын­ды­сы б­о­йынша бірлестіктерде түсіндіру жұ­­мыс­­тарын белсенді жүргізу сынды нақ­т­ы жұ­мыстар белгіленген қаулы қабылданды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы