Халық таза ауыз суға қол жеткізді

Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жыл ішінде 110 елді мекенге таза су тартылды. Жақында Жаңақала топтық су құбыры құрылысы пайдалануға берілді. Бұл құбыр 8 ауылға ауыз су жеткізеді. Сондай-ақ Қазталов ауданының Талдыапан ауылына да «Ақбұлақтың» құбыры жетті.

Егемен Қазақстан
08.11.2018 18245
2

Көгілдір отынның қызығын 1970- жылдардан бастап көре бастаған Жаңа­қалада көптен шешілмей келе жатқан түйткіл таза су еді. Өйткені аудан аума­ғынан қоры мол су көзі табылмаған. Су тазартқыш арқылы ашық көлден тар­тылған судың сапасы сын көтермеді. Сөй­тіп 2017 жылы тамыз айында «Құл­шық» жерасты су көзінен Жаңақала топтық су құбырының құрылысы бас­талды. Оған тапсырыс беруші – Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары комитеті болса, бас мердігер – «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС. Жобалық құны 2 млрд 522 млн теңге болатын құрылыстың келісімшарт бойынша аяқталу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы еді. Міне, бір жылдан сәл асатын уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылып, аудан тұрғындарының көп­тен күткен арманы орындалды. 

Бұл топтық су құбырынан Жаңақала ауданының Жаңақазан, Жуалыой, Мәстексай, Мұқыр, Жаңажол, Сарыкөл, Жаңақала, Көпжасар ауылдары тұрғын­дары таза ауыз су алатын болады. Бұл дегеніңіз – 16 мыңнан аса тұрғын! Құ­бырдың жалпы ұзындығы 150 шақырым, су жинайтын резервуар сыйымдылығы 2000 текше метр. Электр желілерінің ұзын­дығы 32 шақырым.

Қазіргі таңда Құлшық құмдағы су көзі басында орналасқан алты су ұңғы­масы, тұрғын үй, электр желілерінің құ­ры­лысы, сондай-ақ Жуалыой елді ме­кенінде орналасқан екінші сорғы стан­сасының құрылысы толық аяқталды. Жуалыой елді мекеніндегі 86 үйге су құбыры тартылды.

− Бұл көптен күткен қуанышты жағ­дай. Елбасы Жолдауында ауыл халқы­ның тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру сапасын көтеруді жүктеп, міндеттеген болатын. Себебі өңір халқының тең жартысы ауылдарда тұрады. Ауылда адам өмірінің сапасына әсер ететін бірден-бір нәрсе – ауыз су, жол, газ. Жаңақалада да таза ауыз су талай жылдан бері «жыр» болып келе жатқан мәселе еді. Бұл мәселені Ел­басы қолдады. Соның нәтижесінде 110 елді мекен немесе 2000 шақырым су құбыры тартылды. Ең бастысы – таза ауыз су болса, адамның денсаулығына да пайдалы болады, өмір сүру сапасы да артады. Сондықтан сапалы ауыз су­дың игілігін, пайдасын кө­ріңіздер, деді Жаңақала топтық су құ­­бы­­ры құрылысының ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімі Алтай Көл­гінов.

Өңір басшысы осынау үлкен құ­ры­лыс­ты сапалы атқарып шыққаны үшін «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы»­ ЖШС директоры В.Крыловқа алғыс айт­­ты.

Жаңақала ауданы тұрғындарының таза ауыз сумен қамтылуы 54,8%-дан 82%-ға өсті.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы – еліміз бойынша таза сумен ең нашар қамтылған өңір саналатын. Екі жыл бұрын батысқазақстандықтардың 64%-ы сапалы су тұтына алмайтыны анық­талған. Осы кезеңде атқарылған жұ­мыс нәтижесінде бұл көрсеткіш 55%-ға түсті. Жүргізілген су құбырларының ұзын­дығы 2 мың шақырымға жетті. 

Жаңақалалықтармен қатар таза су­ға қол жеткізіп, көңілі көтеріліп отыр­ған ауылдың бірі – Қазталов ауданына қарасты Талдыапан елді мекені. Бұл­ ауыл елімізде қолға алынған өңір­лер­ді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдар­ламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында таза су жүйесіне қол жеткізді. 

Талдыапан ауылдық округіндегі таза ауызсу құрылысының жұмысы 778,674 млн теңге қаражатты құрады. Тал­дыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа ауылдарына су құбырын жүргізу жұмыстарын (құбыр ұзындығы – 106,8 км) «БатысГазСтрой» ЖШС сапалы атқарып шыққан. Нәтижесінде 1300-ден астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылып отыр.

Осы орайда атап айтатын бір жайт – құбыр құрылысына жергілікті зауыт өнімдері пайдаланылған. 

– Құрылыс барысында жергілікті үш зауыт – «Орал сауда-өнеркәсіп ком­па­ния­сы» шығарған полиэтилен құбырлар, «Стройкомбинат» шығарған темірбетон бұйымдар, Орал құю-механикалық зауытында жасалған су жинағыш мұнаралар пайдаланылды. Жергілікті көлік компаниялары тартылды, сондай-ақ аудан тұрғындары да жұмыс тапты. Халықты таза ауызсумен қамту ісі келер жылы да тоқтамайды. 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында тағы 50 елді мекенге таза су құбырын жүргіземіз, деді өңір басшысы Алтай Көлгінов.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2019

Ж. Қасымбек су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өткізді

18.03.2019

5 баланы құтқарған азамат Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды

18.03.2019

Елбасының азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды

18.03.2019

Индонезияда су тасқыны салдарынан 63 адам қаза тапты

18.03.2019

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барды

18.03.2019

«Жетісу» телеарнасы 20 жылдығын атап өтеді

18.03.2019

Жетісу кәсіпкерлері жақсылық жасаудан жарысып жатыр

18.03.2019

Түркі Академиясының 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді

18.03.2019

Е. Алпысов Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

18.03.2019

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

18.03.2019

Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың жаңа 13 шарасын ұсынды

18.03.2019

Елбасы Астана қаласында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

18.03.2019

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жарияланды

18.03.2019

Оңдасын Оразалин жол-көлік апатынан қаза болғандардың туыстарына көмек көрсетуді тапсырды

18.03.2019

Бокстан Марина Вольнованың жүлдесі үшін турнир өтті

18.03.2019

Калгариде конькишілердің қанжығасы майланды

18.03.2019

Көпбалалы аналар үшін баспана кезегі бөлек болады - Бердібек Сапарбаев

18.03.2019

2025 жылға қарай өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі 2 есеге артады

18.03.2019

Түркістан: Сайрам ауданында кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

18.03.2019

Астанада алдағы екі айда экологиялық науқандар өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Suranys kо́p, qoldaý kem

О́z elimizde óz tilimizdiń kenje qalǵanyn jasyra almaımyz. Eń basty másele – onyń qoldaný aıasy tarylyp ketti. Bul kemshilikti eńserý úshin qazaq tilin jańǵyrtý qajet. Qalaı? Mine, bul kimdi bolsa da tyǵyryqqa tirep, oılandyratyn úlken suraq. Biraq onyń sheshimin búgingi tańda memlekettiń ózi usynyp otyr. Bar másele, osyny arqaý etip, zańdy qoldaýǵa qajettilik týǵyzý. Ol úshin ne istegen jón?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу