Алматыда Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқының азаттығы жолында бар ғұмырын сарп еткен ұлт арысы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Алматыдағы Достық үйінде «Ақынның рухани мұрасы» тақырыбында еске алу кеші өтті.

Егемен Қазақстан
08.11.2018 9219
2

Шараны Алматы қаласы Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметі жетекшісінің орынбасары Нұрлан Мәуленов жүргізді.

Босқосу аясында ғалымдар Мағжанның өмірі мен шығармашылығына қатысты жүргізілген зерттеулер барысына тоқталды. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев Мағжан ақынның қайраткерлік ұстанымдары, саяси көзқарастарына қатысты әлі де беймәлім деректердің бар екендігін жеткізді.

Бүгінде Мағжантану ілімі қалыптасқандығына тоқталып, бұл игі істе әдебиетшілердің, журналистер қауымының үлесі зор екендігін атап өткен Халықаралық ақпараттандыру академиясының және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Интеллект Орда» халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтының бас директоры, профессор Саттар Мәжитов Мағжан мұрасы әлі де зерттеле береді, деді. Ғалымның айтуынша, Мағжан 1938 жылы 9 наурызда қайтыс болып, сонау Магадан жерінде атылып кетті деген деректер бар. Бірақ іздестіру барысында Мағжан туралы нақты мәліметтер табылмады. Ақын Қызылжарда, әлде Мәскеуде атылды ма, оны анықтау уақыттың еншісінде.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлт азаттығы жолында күрескен Мағжандай өзге де алаш арыстарының өмірінің көптеген қырлары терең зерттеулерді қажет етеді. Ең маңыздысы осы арыстарымыздың, оның ішінде Мағжанның жақындарын танып-білу. Сол бір зұлмат жылдардың зардабы жанына жара салған талай боздақтардың туыстары әлі күнге өзінің туыстығына қатысты мәлімттерді ашуға қорқады. Олардың санасынан сол бір күндердің үрейі кетпеген.

Мағжанның мұрасына зер салғанда қайраткердің тарихи, саяси, халықаралық тұрғыдағы көзқарасы  толық ашылмағандығына көз жеткізе түсеміз. Ғалымдар Мағжанның Мәскеудегі өмірін толықтай талдап, әлі де тереңіне үңілуі қажет. «Біздер әлі күнге Мағжанның Мағжан екенін көрсете алмай келеміз. Мағжанның әдеби мұрасына қатысты салыстырмалы зерттеулер қажет. Бүгінде Мағжанның туғанына 125 жыл толуы түркі елдерінде аталып өтуде. Кітаптары түрік тілін аударылды. Әзірге Мағжанның есімі тек түркі әлемінде ғана аталып келеді. Басқа кеңістікте Мағжан әлемі толыққанды ашылған жоқ. Сондықтан Мағжан мұрасы әлі де зерттелуі қажет», деді Саттар Фазылұлы.

Мағжан мұрасын зерттеп, насихаттауда ғылыми кеңесшісі Саттар Мәжитов, режиссері Инна Рудакова түсірген  «Махаббат нұры» және осы басқосу аясында таныстырылымы өткен «Мағжанның құпиясы» деректі фильмдерінде қайраткер өмірінің сан-қилы кезеңдері суреттелген. Фильмді түсірудегі мақсат қоғамға ой салу, Мағжан өмірін суреттеу арқылы ұлт тарихын көрсету, дейді фильм авторлары.

Ақынды еске алу шарасына қоғам қайраткері Асылы Осман, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары Светлана Аннаньева, «Ахыска» түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары Шаисмаил Асиев, Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйінің жетекшісі Райхан Иманханбет, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының мүшесі Ирина Гордиенко, т.б. қатысты.

Тарих және этнология институты тарапынан Достық үйінің кітапханасына тарихи мазмұнды бірқатар кітаптар сыйға тартылды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және ІТ университетінің студенттері мен этномәдени орталықтарының жастары Мағжан жырларын оқып, шағын қойылым көрсетті.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу