Әріптестіктің тиімді тұстары көп

Жапонияның үкімет басшысы С.Абэнің Қытайға сапары барысында жақында Бейжіңде «Қытай мен Жапонияның үшінші елдер нарықтарындағы ынтымақтастығы» атты бірлескен бизнес-форум өтті. Форум аясында екі ел компаниялары арасында жалпы құны 18 млрд доллар тұратын 50 бірлескен жобаға қатысты меморандум мен келісімшарттарға қол қойылды. 

Егемен Қазақстан
09.11.2018 1539
2

Бұған дейін екіжақты қатынастар жайлы жылы жазуға асықпаған ж­апон­дық БАҚ бұл жолы «Жапония мен Қы­тай арасында жаңа дәуір басталды», «Бә­секелестіктен – әріптестікке» деген сипатта ақпарат таратуда. 

Әлемдегі бірінші экономика – АҚШ-тың өзіне ғана тиімді сауда сая­сатын жүргізуге талпынып отырғаны екінші және үшінші экономикалар саналатын Қытай мен Жапонияны табы­суға мәжбүрлеп отыр десек қате­лес­песпіз. Токио тіпті соңғы кезде Бей­жіңнің «Бір белдеу, бір жол» страте­гиялық бағдарламасы аясында бірлес­кен жобалар жүргізуге кетәрі емес еке­нін білдіріп отыр. Мұны тек сая­си-дипломатиялық қадам деп болжай­тын­дар да жоқ емес. Дегенмен, xалықаралық қатынастар мен әлемдік нарықтағы жаңа үрдістерді ескерсек, Токионың позициясы экономикалық прагматизмге негізделіп отырғанын аңдаймыз. Оған екі ел арасындағы соңғы кездердегі сая­си-дипломатиялық жақындастықтың сау­да-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық қатынастардың жақсаруына оң ықпал етіп отырғаны дәлел. Екіжақты сауда айналымы шамамен 280 млрд доллар болса, Қытай экономикасына жапонның тікелей инвестициялары былтыр шамамен 3 млрд доллар болды. Ал өткен жылы Жапонияға келген қытайлық туристер саны 7,5 миллион адамға жуықтап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. 

Жақында өткен жоғары деңгейлі келіссөздер көрсеткендей, ендігі кезекте Токио мен Бейжіңнің көздеп отырғаны – өзара бәсекелестік деңгейінен асып, бірігіп, үшінші мемлекеттерде, әсіресе «Бір жол, бір белдеу» бойында жатқан ел­дерде екі жаққа да тиімді бірлескен жо­баларды жүзеге асыру. Осы бағытта стра­тегиялық қадамдар бір мүддеге тоғыс­са, бұл екі ел экономикасының одан әрі дамуына ғана емес, жалпы Азия аймағының жандануына да ықпал ететін болады. 

Қытай компанияларының әлемдік нарықты зерттеу саласындағы мар­ке­тингтік тәжірибесі мен жаһандық эко­­номика саласындағы қолданбалы инно­вациялық теxнологиялары мықты болса, жапондық компаниялар ірге­лі инновациялық салалардағы жетіс­тік­терімен әйгілі. Жапондық теxника мен теxнологиялар сапа жағынан әлем елдері тарапынан жоғары сенімге ие болса, қытайлық тауарлар сан және баға жағынан бәсекелестікке ие. Осы тұрғыдан қарағанда «Бәсекелестіктен – әріптестікке» атты бағдардың нені меңзейтінін айтпай-ақ ұғуға болатын сияқты. 

Екі елдің қаржылық қорлары мен шетелдік активтер көлемі (негізінен америкалық мемлекеттік облигациялар түрінде) әлемде көш басында екенін ескерсек, бәскелес боп келген екі елдің әріптестігінен ұтатындар аз болмас еді. Қытай үкіметінің екіжақты сауда-саттықты жандандыруға бағытталған ва­лю­талық своп мақсатында 200 млрд юань (шамамен үш млрд дол­лар) көлемінде қаржы бөлуі екі ел­дің қаржы саласындағы қарым-қаты­нас­тарының деңгейін көрсетіп тұрған­дай. Бүгінгі күннің өзінде екі елдің же­кеменшік банктері арасында үшін­ші мемлекеттерде бірігіп жобалар жүргізетін кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында бірлескен қорлар құрып отырғандары бар. Егер осы формат аясында екі елдің компаниялары Азия елдерінде бірлескен жобаларды іске асыратын болса, онда Жапония Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасына декларативті түрде қолдау көрсетіп қана қоймай, оған іс жүзінде өзі де қатысуға бел буғанының дәлелі болмақ. Оған қоса шілде айында Еуропалық одақпен қол қойылған Еркін экономикалық әріптестікке қатысты келісімшартты осы жылдың аяғына дейін ратификациялап, еуропалық елдермен сауда-саттықты жандандыруға мүдделі боп отырған Жапонияның көлік-логистика саласындағы ірі ком­паниялары Қытай территориясы арқылы зат тасымалдаудан пайда тапқысы келетінін ескергенде, «Бір белдеу, бір жол» аясындағы жобалар жапон тарапына да тиімді екені айтыла бастады. Ресми мәлімдемелер жасап жатпағанымен, Токио де-факто аталмыш бағдарламаны мойындап отырғандай. Ал бір жағынан АҚШ-пен сауда соғысын жүргізіп отырған, екінші жағынан аймақтағы елдер арасында әлі де болса сенімді әріптес мемлекет ретінде қабылдана бермейтін, кей елдерге тіпті саяси-әскери держава ретінде экспансиялық үрей тудыратын коммунистік Қытай үкіметі xалықаралық қауымдастық тарапынан сенімге ие демократиялық Жапониямен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы өзіне деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға талпынып отырғанын байқауға болады. Айтып өту керек, Азияда, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы елдер арасында Жапониямен де, Қытаймен де қарым-қатынастарын дамытуға мүдделі елдер аз емес. Мысалы, 30 қазанда «Америка дауысы» (The Voice of America) радиосының қытай тіліндегі сайтында жарияланғандай, Жапония мен Қытайдың бірлескен инфрақұрылымдық және инновациялық жобаларына ең қатты қызығушылық танытып отырған елдің бірі – Тайланд. Бұл мемлекет бүгінгі таңда «Тайланд 4.0 даму стратегиясына» сәйкес жүргізіп отырған «Шығыс экономикалық дәлізі» бағдарламасы аясында жалпы құны 45 млрд доллар тұратын ірі ин­фра­құрылымдық жобаларды Қытай мен Жапонияға ұсынып отыр. Тайланд үкіметі бірлескен жобалар жүзеге асатын жерлерді жалға беру мерзімін тоқсан тоғыз жылға ұзарту сияқты инвестициялық жеңілдіктерге қатысты арнайы заң қабылдап, екі елмен де әріптестікті тереңдетуге дайын екенін білдіруде. Тайландтың Жапониямен де, Қытаймен де саяси қарым-қаты­на­сы жақсы екенін ескерсек, екі эконо­ми­калық алып елдің үшінші мемлекет­тердегі әріптестігін Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ең алдымен Тайланд елі тиімді пайдалануға талпынып отыр­ғанын байқаймыз. Ал Қытай үкіметінің ең басты xалықаралық стратегиясы болып табылатын «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының, әсіресе Азия мен Еуропа елдері арасындағы көлік-логистика саласындағы жобалардың жүзеге асуы Қазақстанның белсенді қатысуына байланысты болып отырғанын естен шығармауымыз қажет. 

ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің стра­тегияның бірінші жартысы, яғни «Бір белдеу» бағдарламасы жайында алғаш рет 2013 жылғы 7 қыркүйектегі Астанаға мемлекеттік сапары аясында «Назарбаев Университеттегі» дәрісі барысында айтқаны да бекер емес. Си Цзиньпин айтқандай, «Тынық мұхи­тынан Балтық теңізіне дейін біртұ­тас көлік инфрақұрылымын құру мен зат жеткізу жылдамдығын арттыру ар­қылы аймақаралық сауда байланы­сын күшейтуге» бағытталған страте­гияның толық жүзеге асырылуы немесе асырылмауы бағдарламаға Қазақ­станның қатысуына тікелей байла­ныс­ты. Қытай үкіметі осы страте­гиялық бағдарлама арқылы азиялық көр­ші­лермен ғана емес, Еуропа елдерімен де ынтымақтастықты тереңдетіп, тығыз әріптестік орнату арқылы дамудың жаңа жолын табуға тырысып бағуда. Ал Қытайдан Еуропаға біздің ел арқы­лы тауар тасымалдау теңізбен тасы­мал­даудан үш есе жылдам, ұшақпен тасы­малдаудан бес есе арзан. О­сы­­­­­­­­­­-

­­­дан-ақ аталмыш бағдарламаның Бейжің қалаған дәрежеде жүзеге асырылуы тікелей біздің елге байланысты екенін байқауға болады. 

Сонымен қатар жапондық ком­па­ниялар үшін де бағдарлама аясындағы жобаларға қатысу Орталық Азия ай­мағы елдері нарығына шығуға және тран­зиттік ел – Қазақстан арқылы еуро­палық нарыққа шығу үшін тиімді. Қы­тай үшін де, Жапония үшін де Ор­талық Азия маңызды аймақ екенін ес­кере отырып, екі елмен де тығыз қа­рым-қатынас, стратегиялық әріптестік орнатып отырған біздің ел үшін де «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын барынша тиімді пайдалану маңызды. Батысымыздағы басты бағыттарды тұрақты қалыпта сақтай отырып, Шығысымыздағы екі экономикалық алып елдің ынтымақтастығынан алары­мыздың көп болуын амалдау бүгінгі таңдағы сыртқы саясатымыздың басты бағытына айналуы тиіс деп білеміз. 

Батырxан ҚҰРМАНСЕЙІТ,

шығыстанушы, 

арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Арман ӘЛМЕНБЕТ. Көңіл қалтарыстарындағы үш сурет (этюдтар)

25.03.2019

Әсет Исекешев Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды

25.03.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті

25.03.2019

Ғ. Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

25.03.2019

Nur-sultan – жаңа дәуір символы

25.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

25.03.2019

Таразда Астана атауын ауыстыруға байланысты акция өтті

25.03.2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

25.03.2019

Илон Маск: Марста қалашық салына бастағанын көргім келеді

25.03.2019

«Алтын адам» Татарстан төрінде

25.03.2019

Атырауда «Елордамыз – Нұр-Сұлтан» атты мерекелік концерт өтті

25.03.2019

Мұғалжар ауданында аз қамтылған отбасыларға қаржылай сертификаттар берілді

25.03.2019

Ж. Қасымбек Батыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігін тексерді

25.03.2019

Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

25.03.2019

Жалғыз райхан жәудіреп жазға қалды

25.03.2019

26 наурызда еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

25.03.2019

Жастар жылы жөніндегі жол картасын іске асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу