Хоккей • 09 Қараша, 2018

Қазақстанның хоккейшілері Оңтүстік Кореяны ұтты

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның астанасы – Будапеште шайбалы хоккейден өтіп жатқан «Еврочеллендж» турнирінде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:3 есебімен ұтты.

Қазақстанның хоккейшілері Оңтүстік Кореяны ұтты

Тұсаукесер кездесуде айдын иелерін 3:1 есебімен жеңген жерлестеріміз келесі бәсекеде де өз жанкүйерлерін қуантты. Бірінші кезеңде Иван Степаненко мен Егор Петухов қатарынан екі гол соқты. Үзілістен кейін қос команда бір-бірінің қақпасына екі шайбадан салды. Қазақстандық ойыншылар арасынан Петухов пен Александр Борисевич нысананы дәл көздеді. Үшінші кезеңде кореялықтар есеп айырмашылығын қысқартқанымен, «Номад» клубының шабуылшысы хет-трик жасап, мачтың соңғы нүктесін қойды – 5:3.     

Өзінің келесі кездесуін енді Қазақстанның хоккейшілері Италия құрамасына қарсы өткізеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»