Қазақстан • 11 Қараша, 2018

Шахматтан әлем чемпионатына үш спортшымыз қатысып жатыр

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан әлем чемпионатына үш қазақстандық спортшы қатысып жатыр.

Шахматтан әлем чемпионатына үш спортшымыз қатысып жатыр

ugra2018.fide.com

Шахматтан әлем чемпионатында еліміздің үш спортшысы бақ сынасуда. Олар: Жансая Әбдумәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлсіхан Нахбаева. Биылғы әйелдер арасындағы әлемдік шахмат додасы Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өтіп жатыр. 

Гүлсіхан Нахбаева алғашқы айналымда чемпионаттан шығып қалды. Динараны 2004 жылы әлем чемпионы атанған Болгария спортшысы Антоанета Стефановамен ойын күтіп тұр. Жансая Әбдумәлік үндістандық Падмини Роутты жеңіп, Чжао Суэмен бақ сынасуға жолдама алды. Әлем чемпионаты қарашаның 23-і мәресіне жетеді.