Қазақстан • 08 Қараша, 2018

Салық комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақын, композитор Олжас Асанкелдіұлы Отар Мемлекеттік кірістер комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі. 

Салық комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Басқарма басшысы болып тағайындалғанға дейін О. Отар ҚР ҚМ МКК Салық салудың әдіснамасы департаментінің бас сарапшысы лауазымын атқарған.

Салық органдарындағы қызметін 2004 жылы Жамбыл облысының Байзақ аудандық салық комитетінде бастады. Одан кейін, Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 2014 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық аппаратында сарапшы, бас сарапшы лауазымдарында болған.

Олжас Отар – елімізге танымал ақын әрі сазгер. Ол Қайрат Нұртастың орындауындағы «Ауырмайды жүрек», «Шыда, жүрек» т.б танымал әндердің сөзін жазған. Республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері.