Президент • 13 Қараша, 2018

Елді дамытудың басты бағдары

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Менің Қазақстанда тұрып жатқаныма 2 жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта Қазақстан маған және отбасыма жайлы мекенге айналды. Осы уақыт ішінде мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығы мен күш-жігері арқасында Қазақстан экономикасының дамып келе жатқанына және халықтың әл-ауқатын тұрақты түрде көтеруде айтарлықтай прогреске қол жеткізілгеніне куә болдым.

Елді дамытудың басты бағдары

Қазақстан қоғамымен біте қайнасып кеткен мен ел өмірін­дегі саяси және әлеуметтік серпілістер туралы жақсы білемін. Сондай-ақ тұңғыш Президенттің бас­тамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларға ерекше назар аударып жүремін. Қазақстан Президенті жыл сайынғы Жолдауларын, өз халқына арнаған үндеулерін жариялағанда, өз стратегияларын және бағдарламаларын нақтылағанда елдің қоғамдық өміріндегі жаңа оқиғаларды және әлемдік саяси-экономикалық үдерістерді ескеретінін түсіндім.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық кеңістікке инте­гра­цияланған экономикалық қуатты мемлекет ретіндегі Қазақ­станның келешегі туралы ойы – қазақстандық қоғамның даму стратегиясының маңызды факторы.

Әрбір елдің экономикасының сәтті дамуы білім мен ғылымға қаншалықты көңіл бөлінетініне тығыз байланысты. Осы орайда Президент жоғары оқу орындарын интеграциялау саясатын жүргізуді, сапалы білім беретін нарыққа шығуды тапсырды. Н.Назарбаевтың айтуынша, жоғары білім беру жүйесінде сапаны жақсарту қажет. Олардың жұмысының көрсеткіштері түлектерінің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы деңгейімен өлшенеді. Теориялық, аналитикалық білімді тәжірибелік дағдымен ұштастыру, ғылыми теория мен практиканы тығыз байланыстыруды қамтамасыз ету – білім беру бағдарламаларының басымдықтары болуы тиіс.

Талал АВВАД,

Дамаск университеті инженер-құрылыс факультеті инженерлік геотехника кафедрасының профессоры, доктор (PhD) (Сирия)