Өнер • 13 Қараша, 2018

Өзбек халқының өнері

2067 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттері арасында достық байланыс нығайып келеді. Сонымен қатар бауырлас халықтар мәдени, рухани жағынан да өзара ықпалдастықта өмір сүруде. 

Өзбек халқының өнері

Қазақстандағы Өзбекстан жы­лы аясында Өзбекстан Рес­публикасының Жизақ облысынан келген құрметті қо­нақ­тардың қатысуымен Та­раз қала­сындағы орталық көр­ме залында «Шеберлер қа­ла­­шығы» атты қолөнер көр­месі өтті. Атал­ған көр­меге ағаш, металл, қыш бұ­йым­дары­нан жасалған өз­бек қол­өнер шеберлерінің туындылары қойыл­ды.

Көрменің салтанатты ашы­луы барысында Жамбыл об­лыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбәйра Сембина алыстан ат­терлетіп келген өнер иелеріне деген алғысын білдірді. Сонымен қатар арнайы әзірленген Ал­ғыс хаттар мен жыр алыбы Жам­был Жабаевтың болмысы бейнеленген кілемшені ала шапанды ағайындарға сыйға тартты. Сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша «Өзбек» эт­но­мәдени орталығының пре­зиденті Бахром Муминов бү­гінгі шара екі ел татулығының көрінісі екенін айтып өтті. Ал «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесіне өзбек елінен арнайы келген миниатюра, кескіндеме өнерінің шебері Шахло Рахматова, ағаш шебері Бунеджон Зоиржонов, зергер Уткир Қудратов сынды танымал азаматтар мен Жамбыл өңірінің қолөнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. 

Көрмеге қойылған әшекейлі бағалы жүзіктер, ағаш бұйым­дарынан жасалған құнды жә­дігерлер, күнделікті тұрмыста пай­даланатын ыдыстар, тарихи кезеңдерді, табиғат кө­ріністерін бейнелеген әсем картиналар көпшіліктің қы­зығушылығын тудырды. Ке­лушілер өзбек халқының өне­рімен жақын танысып, пі­кір алмасты. Сонымен қа­тар аталған шара барысында алдағы уақытта екі елдің қол­өнершілерінің мәдени қа­рым-қатынасын нығайту мақ­сатында Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құ­жат­тама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев пен Жи­зақ облыстық өнерпаздар бас­қармасының басшысы Ма­ратжон Маматқұлов екі­жақ­ты ме­морандумға қол қойды.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы