Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенатының Бюро отырысында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру туралы, сондай-ақ авиация қауіпсіздігі саласындағы халықаралық екі келісімді ратификациялау мәселелері жөніндегі заң жобаларын депутаттардың қарауына енгізу ұсынылды.

Егемен Қазақстан
14.11.2018 5401
2

Отырыста депутат Ольга Перепечина «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобаларының Сенат комитеттері мен жұмыс топтарында талқылану барысы туралы хабардар етті.

Қ. Тоқаев Елбасының таяудағы Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларын қаржылық тұрғыда қамтамасыз ету еліміздің үш жылдық бюджет жобасына қосылғанын атап өтті. «Адамдар жақсы өзгерістерді нақты сезіну үшін Мемлекет басшысының тапсырмаларын лайықты деңгейде орындау – біздің басты мақсатымыз», - деп атап өтті Сенат басшысы.

Бюджеттің шығыс бөліктерін ұлғайту туралы депутаттардың ұсыныстары туралы айта келіп, Қ.Тоқаев мемлекет қаржысын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету туралы Елбасының алға қойған міндетін еске салды. Сенат Төрағасының пікірінше, біздің азаматтарымызды толғандыратын әлеуметтік-экономикалық көкейкесті мәселелердің шешімі мен аймақтық және мекемелер мүдделерінің аражігі айқын болуы тиіс. Республикалық бюджет ең алдымен біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Қ.Тоқаев ол үшін басымдықтарды айқындау қажет екеніне назар аударды.

Сенат Төрағасы атап өткендей, таяуда өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында коммуналдық қызмет көрсету бағасының негізсіз өсуі мен бюджет қаржысын өз мақсатынан басқа салаға пайдалану туралы қатаң айтылды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, шынайы ниет пен білікті шешім арқылы үнемдеу және қолда бар қорларды пайдалану есебінен бірқатар мәселелердің шешімін табуға болады.

Төраға осыған байланысты парламентшілерді бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайтуға апаратын барлық ұсыныстарды мұқият ойластыруға шақырды. «Тек мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарау керек, комитеттер мен депутаттардың барлық ұсыныстары тек осы көзқарастан қаралуы тиіс», - деді Қ.Тоқаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

10.12.2018

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте тағы бір сатыға төмендеді

10.12.2018

Футболдан әлемнің клубтық чемпионатында ойнайтын командалар анықталды

10.12.2018

Жетісу өңірінің өрендері Қазақстан кубогын иеленді

10.12.2018

Сәулет ескерткіштерінің 3D картасы жасалды

10.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Балалар кітаптары жарық көрді

10.12.2018

Әлемнің ең үздік футзалшылары анықталды

10.12.2018

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздік күніне орай арнайы жобалар дайындады

10.12.2018

Жекпе-жекте жерлестеріміз жеңіске жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу