Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
14.11.2018 5967
2

Басқосуда халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықты сақтауға, сондай-ақ инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне қатысты қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Отырыста Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Инвестиция және даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 7 қарашада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғаса беретінін, халық қаражаттың қайда және қандай мақсатқа жұмсалғанын білуге тиіс екенін айтқанын еске салды.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі. Жұмыспен қамту ісіне қолдау көрсету мақсатымен қабылданған кешенді бағдарламалар еңбек нарығында тұрақтылықты сақтауға және дағдарыс кезеңдерінің келеңсіз салдарын жұмсартуға септігін тигізді.

Бағдарламаларды қаржыландыруға айтарлықтай мемлекет қаражаты бөлінуде. Сонымен бірге, 2016 жылдан бері антикоррупциялық қызмет 194 қылмысты тіркеп, 32 адам сотталды. Заң бұзу жайттары негізінен жұмысқа тұру фактілерінің жалғандығымен, бюджет қаражаты мен берілген шағын несиелердің мақсатына сай жұмсалмауымен байланысты болып отыр.

Г.Әбдіқалықова сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтатын тиімді тетіктерді енгізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, құқық қорғау және бақылау органдарының өкілдері Комиссия мүшелеріне қаржыландыру көлемі 3 триллион теңгеден асқан «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға байланысты көптеген заң бұзушылықтар анықталғаны жөнінде мәлімдеді. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы сотқа дейінгі 120 тергеу амалы жүргізіліп, 48 адам сотталған. Мемлекеттік аудит органдары жалпы құны 48 миллиард теңге болатын заң бұзу жайттарын анықтаған.

Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жергілікті жерлерде әрбір инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, электрондық ресурстар мүмкіндіктерін кеңінен қолдану маңызды екенін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Комиссия өкілетті мемлекеттік органдарға анықталған заң бұзу жайттарын жою үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу