ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды

Алты ай қақаған қысы бар Алтай қателікті кешірмейді. Әсіресе қыстың көзі қырауда бұл жақта жаяу жүрмегеніңіз абзал. Жүрсеңіз, иығыңызға қару асыныңыз. Бірақ мұны тұрғындардың бәрі ескере бере ме? Тұрғындардың бәрі Оралхан Бөкейдің «Қар қызын» оқыды дейсіз бе? Жуықта Катонқарағай ауданында оқыс оқиға орын ала жаздап, абырой болғанда жер жағдайын жіті білетін жергілікті азаматтардың араласуымен адамдар бір қатерден аман қалды. 

Егемен Қазақстан
15.11.2018 7277
2

Оқиға былай болыпты. Аудан тұрғындары Павел Лигостаев жұбайы Салауат Табысбаева және досы Бекболат Текеневпен бірге Ново-Поляковка ауылынан 20 шақырым жердегі омартаға барып, бір қонып, таңертең жаяулап жолға шығады. Алтайдың ауа-райының күрт құбылатынын білсе де, ештеңеден сезіктенбей алаңсыз келе жатады. Арада бір жарым сағаттай уақыт өтер-өтпесте боран соғып, үшеуі адасып кетеді. Қолдарында балта мен ұялы телефонннан басқа түк жоқ. Дегенмен ұялы телефондары кәдеге жарап, ақ түтектің арасында 112 нөміріне қоңырау шалып, адасып кеткен жерді шамалап айтып үлгереді. Адасқандарды іздеуге Ново-Поляковка ауылының әкімі Сержан Байбосынов, ауылдық округтің маманы Асхат Рахимов, жүргізуші Дамир Әубәкіров, учаскелік полиция қызметкері Радмир Бұтабаев, фельдшер Наталья Даркимбаева және Огнево ауылының тұрғындары Айтқазы Құстыбаев пен Серік Алтынов аттанады. Қысқасы, олар адасқан үшеуді түнгі сағат 1 шамасында бір-ақ табады. «Кешкі сағат алтыларға қарай жел саябырсыды. Қараңғы түсіп, қар жауды. Бізді қасқыр торуылдап жүр екен. Шошыту үшін қатты айғайлап, жақындап қалған кезде қолшамның жарығын түсіріп отырдық. Ең бастысы, бізді іздеп табады деген үмітімізді үзбедік. Әсіресе жұбайымды қатты уайымдадым. Ол барынша шыдауға тырысты, бірақ бізді тауып алуға бір сағаттай уақыт қалғанда қалжырап, ұйқысырап кетті. Бағымызға орай, іздеуге жергілікті жерді жақсы білетін, бұған дейін де талай адамдарды құтқарып жүрген Айтқазы Құстыбаев шығыпты. Ново-Поляковка әкімі Сержан Байбосынов, Айтқазы Құстыбаев және Серік Алтынов үшеуі атпен жүр екен, бізді бірінші тапқан солар. Дәл сол кезде ұялы телефонымыз да сөнді. Азаматтарға айтар алғысымыз шексіз», - дейді бір ажалдан аман қалған Павел.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы көктемде болған су тасқыны кезінде Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызы тұрғындарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен болатын.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

15.12.2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

15.12.2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

15.12.2018

Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

15.12.2018

Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды

15.12.2018

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

15.12.2018

Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды

15.12.2018

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

15.12.2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

15.12.2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу