Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

 

Елбасы Қазақстанда 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялаған күннің ертесіне Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Егемен Қазақстан
17.11.2018 11476
3333
2222
2222
2222

Кеңейтілген отырыстың басты тақырыбы – 2017-2020 жылдарға арналған жастарды қолдау жөніндегі Жол картасының орындалу мәселелері болды. Жастарды жұмыспен қамту, волонтерлік қозғалысты, digital бастамаларды дамыту, жастар арасында отансүйгіштік пен салауатты өмір салтын насихаттау секілді сан-салалы тақырыпты қамтыған кеңес отырысына қатысушылар өте белсенділік танытты. Олардың бәрі де «Жастардікі» деп үкі тағылған алдағы жылдан ерекше үміт күтеді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өзі жүргізіп, барлық аудан, салалық басқарма басшылары түгел қатысқан жиында тиісті сала жетекшілерінің осы кезге дейін атқарған жұмыстарының баяндамасы тыңдалды. Жыл басынан қараша айының басына дейін өңірде мемлекеттік бағдарламалар аясында 10 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған екен. Бұған қоса облыстың медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы салаларына қажетті мамандарды дайындау үшін жергілікті бюджеттен 100 білім гранты бөлінген. Қазірдің өзінде Ақ Жайық өңірінде жастарға арналған 8 коворкинг орталығы ашылған, оның алтауы – аудан-ауылдарда қызмет етіп тұр. «Қолжетімді спорт» бағдарламасы аясында 50-ден аса спорт нысандары пайдалануға берілген.

Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошевтың айтуынша, Ақ Жайық өңірінде 136 мыңнан астам жас бар. Оның 3,1 пайызы еш жерде жұмыс істемейді. Бірақ бұл еліміз бойынша жақсы көрсеткіш. Жастар арасындағы жұмыссыздық соңғы үш жылда екі есеге дейін азайған. Өңірде «Батыс Қазақстан облысы жастарын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жол картасы» жүзеге асырылуда. Жол картасы жастарды жұмыспен, сапалы әрі қолжетімді біліммен қамту, жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жеке және кәсіби тұрғыдан өсуге жағдай жасау сынды 4 негізгі бағыттан тұрады.

Аян Сақошев өз сөзінде Орал қаласында, Бөкей ордасы, Жаңақала, Зеленов аудандарында жергілікті атқарушы билік жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмей отырғанын айтты. Жастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері осыны көрсеткен. Бұл ретте Қазталов ауданы өзгелерге үлгі етуге тұрарлық: мұнда жыл басынан бері жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі 5 мәрте ұйымдастырылып, 250 жас жұмыс тапқан. Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында соңғы екі жыл ішінде аудан жастары 91 млн. теңге несие алып, өз ісін бастағанын, 20 жұмыс орнын ашқанын жеткізді. Осы уақыт ішінде ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 150 жас маман келіпті. Оның 90-ы – мұғалімдер, 47-сі – медицина қызметкері.

Жалпы, жастар арасында кәсіпкерлікті қолдау мәселесі өңірде жақсы жолға қойылған. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыста 8,5 мыңдай жас жұмыспен қамту шараларына тартылған. Оның 6,3 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылған. «Биылғы тоғыз айда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 507 жас жолданып, 100 адам несие алса, 10-ына мемлекеттік грант бұйырды» - дейді Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев.

Жиында жастар өкілдері де өте белсенді болып, өз ойлары мен ұсыныстарын ашық білдіріп отырды. Журналист, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес мүшесі Галина Манцева, инженер Ақжол Жандауов, қазталовтық жас кәсіпкер Индира Әлібекова, жастар би тобының жетекшісі Асан Саматов, студент Әйгерім Лұқпанова, «Зенит» зауыты жастар комитетінің төрағасы Серік Дәулетияров және басқалары жастар өмірінің әр саласына байланысты өз көзқарасы мен пікірін білдірді. Бұл пікірлердің қай-қайсысы да өңір басшысының қолдауына ие болды. Мәселен, жастардың бұқаралық спортпен айналысуына соңғы кездері Орал қаласында өте қолайлы жағдай жасалып жатқаны ризашылықпен айтылса, Алтай Көлгінов таяу болашақта Шаған өзенін бойлап веложолақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған сейіл алаңдары салынатынын хабарлады. Облыс басшысы сондай-ақ Орал қаласының табиғи жағдайы триатлон спортын дамытуға өте қолайлы екенін айтады.

– 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы жастар саясатына үлкен серпін береріне сенім мол. Біз қазіргі таңда облысымыздағы жастарға қатысты мәселенің барлығын зерттеп, зерделеп, бірқатарын іске асырудамыз. Еліміздің, соның ішінде өңіріміздің жас азаматтарын толғандыратын нақты мәселелерді шешумен айналысуымыз қажет. Бүгінгі жиында жастар орынды ұсыныстар айтты. Біз олардың бәрін өз жоспарымызға енгіземіз. Жыл соңына дейін біз жастардың облыстық форумын ұйымдастырамыз. Ол жиында жастар өз ой-пікірін ашық айтып, кеңінен талқылауы тиіс. Ал келесі жылы Орал қаласында шекаралық өңірдегі, соның ішінде көрші мемлекет жастары да бас қосады. Жастардың бір бірімен танысып, тәжірибе алмасып, болашақ дамуы үшін мұндай басқосулар өте қажет, - деді өңір басшысы Алтай Көлгінов.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу