Парламент • 20 Қараша, 2018

Георгий Церетели ел бастамаларына жоғары баға берді

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

 Георгий Церетели ел бастамаларына жоғары баға берді

Кездесу барысында Нұрлан Нығ­матулин Қазақстан Парла­менті ЕҚЫҰ ПА-мен ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға үл­кен мән беретінін айтты. 

Мәжіліс Төрағасының пікі­рінше, Парламенттік Ассам­блея­ның сұхбат алаңы ортақ мақ­саттарға қол жеткізу үшін сын­дарлы парламентаралық үнқа­ты­судың тиімді құралы ретінде қолданылуы қажет. 

Олардың бірі трансұлттық проблемалар мен қауіп-қатер­лерге қарсы іс-қимыл жасау. 

Осы ретте, палата Спикері Елбасы Н.Назарбаевтың БҰҰ-дағы бастамасымен Терроризмге қарсы жаһандық желіні құру туралы, сондай-ақ осы жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте қол қойылған Терроризмнен азат әлемге қол жеткізуге ар­налған мінез-құлық кодексінің ма­ңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Георгий Цере­тели Қазақстан мен ЕҚЫҰ ара­сындағы және ЕҚЫҰ Парла­мент­тік Ассамблеясы мен қазақ­стандық парламент өкілдері ара­сындағы тиімді қатынас тура­лы айта келіп, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде ма­ңызды рөл атқарғанын, әрі үнемі өте маңызды және сенімді кәсіби әріптес бола біл­генін атап өтті. ЕҚЫҰ ПА Төра­ғасы Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың халықара­лық қа­дамдарына ерекше назар аударып, әсіресе Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съезін өткізу туралы бастамасына жо­ғары баға берді. 

– Бұл өте маңызды, себе­бі ол радикализм, діни төзбеу­ші­ліктің көріністері сияқты қауіп-қатерлерге қарсы тұруға бағыт­талған. Біз, сондай-ақ Қазақстан Пар­ламентімен арадағы байланысты жо­ғары бағалаймыз, − деді Георгий Цере­тели.

Өзара ынтымақтастық туралы айта келе, Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блея­сы өкілдерінің келесі жылы Ас­танада өтетін Еуразиялық пар­­ламенттер спикерлерінің Төр­­тінші Жиналысына қатысуы бүкіл Еуразия кеңістігінде өзек­ті мә­селелер бойынша пікір ал­ма­суға ықпал ететініне сенім білдірді.