Футбол • 21 Қараша, 2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

УЕФА Ұлттар Лигасы жарысының қорытындысы бойынша Қазақстанның футболшылары 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде бесінші себетке түсті. Бұл себетте бізден бөлек, Македония, Косово, Беларусь, Люксембург, Армения, Әзірбайжан, Молдова, Гибралтар және Фарер аралдары бар.

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

Ал өзге себеттерде мына елдердің ұлттық құрама командалары бар: 1 себет – Швейцария, Португалия, Голландия, Англия, Бельгия, Франция, Испания, Италия, Хорватия және Польша. 2 себет – Германия, Исландия, Босния мен Герцеговина, Украина, Дания, Швеция, Ресей, Австрия, Уэльс және Чехия.

3 себет – Словакия, Түркия, Ирландия, Солтүстік Ирландия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Болгария және Израиль.4 себет – Венгрия, Румыния, Грекия, Албания, Черногория, Кипр, Эстония, Словения, Литва және Грузия. 6 себет – Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта және Сан-Марино.  

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы өтетін Еуропа біріншілігіне іріктеу турнирінің жеребесі үстіміздегі жылдың 2 желтоқсанда Ирландияның астанасы – Дублин қаласында тартылады. Ал жарыстың өзі келесі жылдың наурыз айында басталады.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»