Машина жасау маңдайалды салаға айналды

Жуырда биылғы тоғыз айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қараған Үкімет отырысында ел экономикасының 4,1 пайыздық даму көрсеткішін көрсетіп отырғандығы атап көрсетілді. Бұл – жақсы көрсеткіш.

Егемен Қазақстан
22.11.2018 15262
2

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов соның ішін­де өнеркәсіп өндірісінің өсі­мі 4,8 пайызды құрап, өткен ай­дың деңгейінен 0,1 пайыздық тар­маққа асып түскендігін, өнер­кәсіп өндірісінің бұлайша дамуына түсті металдар, мұнай өң­деу, химия өнеркәсібі, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер, жиһаз өндірісі, сондай-ақ машина жасаудағы өнім шығарудың жақ­сы дем бергендігін айтты.

Ал Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Ск­ляр 2018 жылдың тоғыз айы­ның қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің ішінде ма­ши­на жасау саласының – 14,5, хи­мия өнеркәсібінің – 8,2, жиһаз өнді­рудің – 5,1, қағаз шығарудың – 9,2, резеңке және пластмасса бұйым­дарын өндірудің 2,3 пайыз алға басқандығын мәлімдеді. 

Сонымен цифрлар көрсет­кеніндей, тоғыз айдың көрсеткіші бойынша еліміздің машина жасау саласы ең қарқынды дамып ке­ле жатқан экономикалық сек­тор ретінде бой көрсетіп отыр. Сон­дықтан біз нақ осы сала­ның жай-күйіне, оның даму себеп­теріне талдау жасағанды жөн көрдік. 

Қазақстанның қазіргі машина жасау саласын ел тәуелсіздігінің төл туындысы деуге де болады. Рас, бұл сала елімізде Кеңес Одағының кезінде қалыптасып, жақсы дамыды. Павлодарда шынжыр та­бан­ды «Қазақстан» тракторы шығарылды. Өскемен, Петропавл, Орал және басқа қала­ларда түрлі құрал-жабдықтар мен оның аспаптарын жасайтын кәсіпорындардың тұтас желісі пайда болды. Бірақ қазір солардың көпшілігінен із де қалмады. Орнына нарық жағдайына бейім­делген, халықтың сұранысын қана­ғаттандыра алатын жаңа машина жасау саласы қалыптасып, енді міне шапшаң қарқынмен алға басуда. Мысал үшін айта кетелік, кезінде Өскемен қала­сындағы әрқайсысында мыңдаған жұмысшысы бар Шығыс Қа­зақ­стан машина жасау зауыты, Өс­кемен конденсатор зауыты, Өс­кемен приборлар зауыты деген алып кәсіпорындар болған еді.

Қазір бұл кәсіпорындар жаңа заманның ыңғайына қарай бейім­делді. Бірақ бүгінде 15-16 жыл бұ­рын ғана құрылған «АЗИЯ АВТО» кәсіп­орнының өндірістік қуа­ты көш озық. Бұл кәсіпорын осы уақыт ара­­лы­ғында 130 мыңнан ас­там жеңіл авто­­көлік түрлерін шы­ғарып үлгер­ді. Қазақ­станның автомобиль өнер­­кә­сі­бінің тарихы да осында құрас­­ты­­рылған жол талғ­а­май­­­тын «Нива» жеңіл көлік түрінен бастау ал­­ған еді. Қазір бұл кәсіп­орында 4 мың­­ға тарта адам еңбек етіп, олар же­ң­іл кө­лік­­тер­дің Лада, КИА, Шко­д­а, Шевро­лет секілді бренд­терінің жиыр­­маға тарта модел­ьдерін шығару үстінде.
Мұнан кейін елімізде «СарыарқаАвтоПром», «СемАЗ», «КАМАЗ-Инжиниринг», «Hyun­dai Trans Auto», «Daewoo Bus Kazakhstan» секілді автокөлік құ­рас­­ты­ру кәсіпорындары пайда болды. Осы кәсіпорындар­дың жұмыс­тары­­ның нәтижесінде тәуел­сіз елі­мі­з­де автоөнеркәсіп секілді жас та жа­ңа сала пайда болып, жылдан-жыл­ға жетіліп, қарқынды даму көр­сет­кіш­терін көрсетуде. Жаңа индус­трия­л­ан­дырудың бірінші бес жыл­дығы­ның қорытындысында автомобиль өн­ді­рісі өңдеу өнеркәсібіндегі ең қар­қын­ды дамушы сала ретінде атап көр­сетіл­ді және Қазақстан машина жасау саласының ту ұстау­шы­сына айналды.

Енді қазіргі жағдайға келейік. 

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» аталатын Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындары одағының мәлімет­теріне қарағанда, үстіміздегі жылдың тоғыз айында еліміздің аумағында жалпы құны 140,9 млрд теңге тұратын 22 709 автокөлік құрал­дары (жеңіл және жүк көлік­тері, автобустар мен арнаулы машиналар және тіркемелер) шығарылған. Заттай өндіріс көлемі өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 70,3 пайыз асып түскен.

Соның ішінде 21 137 жеңіл көлік шығарылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыс­­тырғанда 82,6 пайызға өскен. Ал авто­көлік саласының алғаш­қы қарлыға­шы «АЗИЯ АВТО» АҚ алда келеді. Есепті мерзімде бұл кәсіпорын 13 365 жеңіл көлік түрлерін шығарған. Сөйтіп өнді­ріс нарығының 63,2 па­йызына ие­лік еткен. Екінші орындағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің көлік шығарудағы үлесі 7 772 бір­лікті немесе 36,2 пайызды құрайды. 

Көріп отырғанымыздай, қалған кәсіпорындардың үлесі аса ауқымды емес. Олар нарықтың 1-2 пайызына ғана иелік етуде. Дегенмен бұл кәсіпорындар кейінгі жылдары ғана пайда болғандықтан болашақтары әлі алда деуге болады.

Тағы бір қуантарлық көрсеткіш, отандық автокөлік кәсіпорындары биылғы қыркүйек айының өзінде ғана 3244 автокөлік түрлерін шығар­ған екен. Ал өткен жылдың осы айын­да бар болғаны 1 503 көлік түр­лері шы­ғарыл­ған еді. Демек, биыл­ғы қыр­кү­йектің көрсеткіші өткен жы­л­ғыдан 2,2 есе асып түсіп отыр. Сөйтіп экономикамыздың ең жас саласы соңғы айдың өзінде даму қар­қы­нын еселеп арттыра түскені байқалады.

Отандық автозауыттар өнім­дері­­­­­­нің сатылу көрсеткіштері де көңіл қуан­тар­лықтай. Жыл басынан бері 20 644 автокөлік са­ты­­­­­­­лып­­­­ты. Бұл көрсет­кіш өткен жыл­­­­­­­дың осы мерзіміне қарағанда 58,2 па­­­­йызға артық. Соның ішін­де «ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы кәсіп­орын­­­­дарының сауда нары­ғындағы үлесі былтыр осы мерзімде 36,8 па­йыз­­­­ды құраса, биыл 47,3 па­йызға же­­тіп отыр. Демек, шетелдік авто­көлік­­­терді отан­дық сауда нары­ғы­нан бір жылдың ішінде айтарлық­тай ығыстыра түскен.

Осы уақыт аралығында (яғни тоғыз айда) республика тұрғындары жергі­лікті өндірістің автокөліктерін сатып алуға 119,7 млрд теңге жұм­сапты. Бұл қаражаттың басым бөлігі «АЗИЯ АВТО» АҚ касса­сына түсті деуге болады. Өйткені жер­гілікті өндірістің сатқан автокө­лік­терінің 57,2 пайызы осы кәсіп­орынның үлесіне тиген. Кәсіп­орын 11 802 автокөлік сатқан. Ал «СарыарқаАвтоПром» ЖШС – 7866 автокөлік, «СемАЗ» ЖШС – 392, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ – 315, «Hyundai Trans Auto» ЖШС – 177, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС – 92 көлікті тұтынушыларға өткізген.

Сарапшылардың пікіріне қара­ған­да, соңғы уақытта Қазақстанның жеңіл автокөлік нарығында еліміздің кәсіпорын­да­рында құрастырылатын жеңіл көлік­тердің ең өтімді түрі Lada бо­лып отырған көрінеді. Өйткені тоғыз айдың ішінде осы көліктің 9 414 бір­лігі сатылған. Мұнан кейінгі орындарды Hyundai (5 494 бірлік), KIA (1 658), JAC (978), Chevrolet (715) Ravon (552), Skoda (512), Peugeot (132), SsangYong (14) маркалары еншілеген.

Жалпы кез келген елдің өнер­кәсіп­тік даму деңгейін айқындаған кезде бірінші кезекте оның машина жасау саласына назар аударылатыны белгілі. Өйткені бұл сала ел ин­же­нерлерінің білімділігін, іске маман­данған жұмысшылар қатарының мол болуын талап етеді. Бұл істі ұйым­дастыру мен дамыту оңай емес. Сондықтан XX ғасырдың со­ңына дейін автокөлік, ұшақтар шы­­ға­­ру­мен әлемнің санаулы ел­дері шұ­ғылданып келген болатын. Ондай елдер өз автокөліктерін әлем­ге тарату арқылы молынан пай­даға ­кенелді және әлемдік индус­трия­ландырудың көшін бастады. Демек, тәуелсіз Қазақ­стан­да авто­көлік өндірісі саласы­ның пайда болып, жылдан-жылға дами түсуі еліміздің қолынан көп істің ке­ле­тіндігін көрсететіндей. Оның үсті­не, отандық автокөлік құрас­ты­ру­шы кәсіпорындар бірнеше брендтің көп­теген модельдерімен елімізді ғана қам­тамасыз етіп қоймай, шетел­дер­ге де экспортқа жөнелтуді баста­ды. Мә­се­лен, «АЗИЯ АВТО» АҚ был­тыр мың­ға тарта көлікті Қытайға экспорттады.

Қазақстанның машина жасау саласының тәуелсіздік жылдарын­дағы тағы бір жетістігі америкалық «General Electric» компаниясы­мен бірлесіп, жаңа модельді локомотив­тердің шы­ға­рыла бастауы болды. Теміржол көлігін дамытуға бұл істің үлкен көмегі тиді. Астанадағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да осы уақытқа дейін 300-ден астам жүк тепло­воздары мен 8 жо­лаушылар тасымал­дайтын тепловоз шығарылды. Оның 23-і көрші ел­дер­ге экспортталды. Мұның сыр­тын­­да, еліміз жаңа вагондармен өзін-өзі толық қамтамасыз етуге айналды. 

Еліміздің батысында кеме шы­ғару ісі қолға алынды. Мұның өзі отандық машина жасау саласының сандаған бағыт бо­йынша дамып келе жатқандығын көр­сетеді және жері кең-­байтақ, асты кенге толы Қазақстан үшін кө­лік шығару ісінің маңызы өте зор екен­дігін білдіреді.

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пі­шем­баевтың айтуынша, биыл бұл са­ла­­дағы өнім көлемі тұңғыш рет 1 трил­­лион теңгеден асып түсуі тиіс.

Жалпы қазіргі Қазақстанның машина жасау саласын көпсалалы деп айтуға болады. Оған электр құрал­дарын, аккумуляторлар, станоктар мен түрлі аспаптар, тау-кен, металлургия, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын, тағы басқа да заттар шығару кіреді.

Қазақстан машина жасаушы­лар одағының сарапшылары бұл саланың болашағы жарқын екен­дігін айтуда. Болжам бойынша, сала­­ның 2030 жылға дейінгі даму тұ­­жы­­рым­­дамасы әзірленіп, соған сай қол­дау шаралары белгіленсе, 2024 жылы өнім көлемі 3 триллион тең­гені, ал 2030 жылға таман 15 трил­лион теңгені құрауы тиіс. Бол­жам нақты есептеулер арқылы жасалған және Үкіметпен бірлесіп әзір­­ленуі тиіс осы саланың 2030 жыл­­ға дейінгі даму көкжиегін ай­қын­­дай­­тын бағ­дарламалық құжатқа негіз болады.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

15.12.2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

15.12.2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

15.12.2018

Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

15.12.2018

Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды

15.12.2018

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

15.12.2018

Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды

15.12.2018

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

15.12.2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

15.12.2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу