Ақтауда бокстан ел чемпионаты мәресіне жетті

Қазақстанның боксшылары үшін биыл табыс­ты болды деп айта алмаймыз. Олай деуге негіз, жерлестеріміз өз тарихында тұңғыш рет жылдың басты додасы – жазғы Азия ойындарынан алтын жүлдесіз оралды. Бұл жағдай республикалық бокс федерациясының басшылары мен ұлттық құрама бапкерлеріне ой салса керек, олар бұл жолы еліміздің барлық белді былғары қолғап шеберлерінің басын қосып, қарт Каспийдің жағалауында жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатына қатыстырды.

Егемен Қазақстан
22.11.2018 7160
2

Ақтауда өткен жарыстың деңгейі жоғары болды. Былтыр Германияның Гамбург қаласында ұйымдастырылған әлемдік додада жеңіс тұғырына көтерілген алты боксшымыздың бесеуі ел біріншілігінде қарсылас шыдатпады.  Әсіресе біз 75 кило салмақ дәрежесінде күш сы­нас­қан Жамбыл облысының түле­гі Әбілхан Аманқұлдың асқан шеберлігіне тәнті болдық. Нұр­лан Ақүрпековтей білікті бап­кер­ден тәлім-тәрбие алған қазақ­тың өр мінезді ұлы барлық қарсы­ласын бет қаратпай ұтып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Өзгелерді айт­пағанда, Азия біріншілігінің күміс жүлдегерлері – Рустам Сы­баев пен Ерік Әлжанов, Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет сынды сақа спортшылардың өздері Әбілханға жарытып қар­сылық көрсете алмады. 

Рио Олимпиадасы мен әлем чемпионатында жүлде алған 91 кило салмақтағы қостанайлық Василий Левит пен былтырғы дүниежүзілік додада күміс медальды мойнына ілген +91 кило салмақтағы қызылордалық Қам­шыбек Қоңқабаевтың қарқы­ны өте күшті болды. Барлық қар­сы­ластарын бір деммен ұтқан олар бас жүлдені қанжығаларына бай­лады. 56 кило салмақтағы түркіс­тандық Қайрат Ералиевтің де өзге боксшылардан басымдығы еш күмән туғызған жоқ. 

Көпшілік 69 кило салмақ дәре­жесіндегі қарағандылық Абы­лайхан Жүсіпов пен тараздық Асланбек Шымбергеновтің жекпе-жегін тағатсыздана күтті. Бүгінгі таңда екеуінің де дәуірі жүріп тұр. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы жарыстарда алтын тұғырдан төмендемеген Абылайхан ересектер тобына да еркін қосылды. Ол әлем және Азия чемпионаттарында атой салды. Асланбек – Дүниежүзілік бокс сериясы додасындағы ең үздік боксшылардың бірі, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Екеуара тартыс Жүсіповтің пайдасына шешілді. Бәсеке барысында Абылайхан қарсыласын бір мәрте нокдаунға жіберді. Жекпе-жектен кейін Абылайханмен тілдескенімізде ол бұл айқасқа бұрыннан дайындалғанын айтты. 

– Асланбек әлеуеті жоғары, тәжірибелі боксшы. 69 килода екі дүркін ел чемпионы. Сондықтан оны осал деуге болмайды. Біз спаррингте де өте сирек кездестік. Себебі ол «Астана арландарының» сапында жүргендіктен, бірлесіп өткізген жаттығуларымыз аз болды. Ал жаттығу барысындағы жұды­рықтасуда толығымен ашылмадық деп ойлаймын. Негізгі қарсылас болғандықтан көбіне жұмбақ күйде жүрдік. Біз рингке бір-бірімізді толық зерттеп шықтық. Асланбектің жекпе-жектерін қалт жібермей қарап, толық назарда ұстадық. Финалда көп қателестім деп ойламаймын. Александр Стрельников менің екінші бапкерім. Қазіргі салмағым бойынша боксшыларды баптауда оң нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионын шығарған маман. Алда бірлесіп жұмыс істеп, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге жетеміз деп үміттенемін.  

Гамбургте өткен әлем чемпионатында жүлде алған боксшылар арасынан тек аса жеңіл салмақтағы Ержан Жомарт қана бас жүлдесіз қалды. Жарақатына байланысты ол жартылай финалдық сайысқа шыққан жоқ. Бұл салмақта ақмолалық Теміртас Жүсіпов топ жарды. Ал осы жарыстың өзге жеңімпаздары мыналар: 52 кило – Әнуар Мұзафаров (Алматы облысы), 60 кило – Зәкір Сафиуллин (Шымкент қаласы), 64 кило – Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) және 81 кило – Бек Нұрмағамбет (Түркістан облысы). 

Байыптап қарасаңыздар, биылғы Қазақстан чемпионатында топ жарғандардың дені сақа спортшылар. Солардың арасында ең ересегі – Зәкір Сафиуллин. Ол – 32 жаста. Теміртас Жүсіпов пен Василий Левиттің жасы – 30-да. Қайрат Ералиев – 28, Қамшыбек Қоңқабаев – 27 және Әнуар Мұзафаров – 26 жас­та. Олардың барлығы да осы дең­гейге өздерінің қажырлы еңбе­гі мен табандылығының арқа­сында қол жеткізіп отыр. Ақтау­дағы айқас барысында соған анық көз жеткіздік. Ал қалған­дары өрімдей жастар. Мәселен, Санатәлі Төлтаев небәрі 19 жас­та. Бек Нұрмағамбет енді ғана 20 жасқа толып отыр. Талай дү­бірлі додада дараланып, көрер­мендердің көзайымына айналып үлгерген Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл 21 жас­та. Сондай-ақ ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрінген Жандос Несіпжан (49 кило), Оразбек Асылқұлов (56 кило), Серік Теміржанов (60 кило), Саматәлі Төлтаев (60 кило), Аман Қазанғапов (75 кило), Михаил Коханчик (81 кило) және Айболды Дәуренұлы (+91 кило) сынды жалынды жастардың да өнері жанкүйерлер көңілінен шықты. Жастары әлі 20-ға да келмеген сол сайыпқырандар ертеңгі күні ел боксын өрге сүйрейді деген сенімдеміз. 

Жалпыкомандалық есепте Түр­кістан облысы өрендерінің көші ілгері болды. Олар 2 алтын, 3 күміс және 2 қоланы олжалады. Екінші орында –   Маңғыстау облысы. Ринг қожайындары 1 алтын, 3 күміс және 4 қоланы еншіледі. Үшінші сатыға Жамбыл облысы жайғасты. Тараздың тас­түлектері 1 алтын, 2 күміс және 3 қоланы иеленді. Сондай-ақ жеңіс тұғырына көтерілгендер арасында мына өңірлердің өкілдері де бар: Ақмола облысы (1 алтын+1 күміс+1 қола), Астана қаласы мен Қызылорда облысы (1+0+2), Ал­маты мен Қарағанды облысы (1+0+1), Шымкент қаласы (1+0+0), Қостанай облысы (0+1+0), Ақ­тө­бе облысы (0+0+2), Пав­ло­дар мен Шығыс Қазақстан облысы (0+0+1). 

Ел чемпионатын қорытын­ды­лаған ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов құра­мадағы өзгерістер мен ал­дағы жоспарларын айтты. «Құра­ма сапына алынған жаңа бокс­шылар Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов. Тағы бір ай­та кетер жайт, құрамада үшінші нө­мірлі болып жүрген боксшылар екінші, ал төртінші саптағылар үшін­ші нөмір болып ауысып жатыр. 81 килода өнер көрсеткен мақ­танышымыз Әділбек Ниязым­бетов былғары қолғабын шегеге ілді. Оның орнына келген Бек Нұрмағанбет бұл салмақта Әділбектің орнын жоқтатпайды деп ойлаймыз. 49, 56, 75, 91 және аса ауыр салмақ дәре­желерінде өнер көрсетіп жүр­ген спортшылар өз орындарын­да қалды. Ұлттық құраманың биыл­ғы оқу-жаттығулары 6-13 желтоқ­сан ара­лығында Астанада өтеді. Сол уа­қытта Әділбек Ниязым­бетовтің орнына ұлттық құраманың жаңа капитанының есімі де белгілі болмақ. Келер жылғы әлем чемпионаты мен Азия біріншілігі әдеттегідей 10  салмақ бойынша өтеді», дейді М.Айтжанов.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» роботехника чемпионаты өтті

16.02.2019

Павлодарда «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының филиалы ашылмақ

16.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу