Жас зерттеуші патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік анти­био­тик­терінің» тізімін жасады

Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушы­сы Ал­тынай Әбдіжәміл жұқпалы ауру­лар­дың алдын алу мақсатында фитонцидтерге бай жабайы өсімдіктерді көркейту-көгалдандыру ісі­не пайда­ла­ну­ды ұсынады. Қызыл­ор­да об­лы­сындағы жабайы өсімдіктердің салыстырмалы фитон­цидтік бел­сенділігін экспери­мент арқылы зерделеген жас зерттеуші ай­мақтың кли­мат­тық жағ­дайы­на төзімді, экономикалық тұрғыдан тиімді және туберкулез таяқ­шасына, басқа да патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік анти­био­тик­терінің» тізімін жасады.

Егемен Қазақстан
22.11.2018 19738
2

Алтынайдың ғылыми жоба тақы­ры­бын дәл осылай таңдап алуына облыс бой­ын­ша тубер­ку­лез­бен сырқаттанушылық дең­гейі­н­ің әлі де алаңдатарлық проблема болып отырғаны себепші бол­ған екен. Жас зерттеуші тубер­кулезге қарсы күресте қол жет­кізілген же­тіс­тіктерге қара­мас­тан, еліміздің 18 мемлекет ара­сында туберкулездің ең жоғары ауырт­палығы бар мемлекет ретінде аталатыны жанға бататынын ай­тады. Әсіресе балалар туберкулезіне қатысты Қызылорда өңірін­­­­­дегі бала­лар ара­сын­да ауру көр­сет­­­кішінің ұлғаюы, оның республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 есе жоғары екені де алаңдатады. Ауру­­дың шығу себеп­теріне тоқталған Ал­ты­най жоба жетекшісі, биология пәні­­нің эксперт-мұғалімі Дариха Мұнар­­бае­ва­­­ның бас­шы­лы­ғым­ен фитонцидтік қасиеттері басым жа­байы өсімдік­терді зерттеу бары­сында жұқпалы аурулардың алдын алуға, күресуге септігін тигізетінін анықтады. Бұл ретте олар мектеп және басқа да балалардың оқып-білім алатын ғимараттардың ауласын кө­гал­дандыру жұмыстарына пайдалануға ұсыныс жасайды.

«Фитонцидтер – микро­ор­ганизм­дер­­дің дамуын және кө­беюін тоқтатуға, тежеуге сеп­тігін тигізетін иммунитетті заттар. Жұмыс­ты жүзеге асырған кезде фито­нцидтік қасиеттері салыстырмалы түрде зерттелген өсім­діктер, яғни тораң­ғыл терегі, жыңғыл, жабайы жиде, күміс те­регі, қара­ған, кекіре, ақ сексеуіл, адыраспан­ның қасиеттері ерек­ше екені бай­­қалды. Біз микроорганизмдерге және кей­бір жән­діктерге аталған өсім­дік­тердің әсе­рін зерттедік», дейді жас биолог.

Зерттеу объектілері бойынша зерттеу жұмыс­тарын және бақылауды Ал­ты­най күнделікті жүргізген. Микрос­коп көмегі­мен өсім­дік­тердің фитонцидтік қасиет­терінің дизентерия амёбасына, пі­шен таяқшасына, ақ­шыл көбелегі, етікші қоңызы, ағаш биті және құмырсқаға әсерін жүргізді. Нәти­жесінде тораңғыл терегі, жыңғыл түрлері, кекіре, адырас­пан және күміс тере­гі жақсы әсер ететіні анық­талды. Мәселен, жабайы адырас­пан шөптесін өсім­дігі шырынының фитонцидтік әсері бөлме өсім­дік­тері зиян­­кес­терінің біріне сана­­латын аққанат­ты кө­бе­лек­­тің бел­­сен­­ділігін тежейтіні белгілі болды.
Ғылыми жобаның өзек­тілігін өңір мамандары ғана емес, Алматы қаласының белгілі ғалым­дары да жо­ға­ры бағалады. Жуырда республикалық ғылыми жоба­лар сайысында жас биологтың жаңа идея­сы жүлделі орынды енші­леді.

«Егемен-ақпарат»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу