Аймақтар • 25 Қараша, 2018

Солтүстік Қазақстанда ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні атап өтілді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл еңбеккерлерін атаулы мерекемен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтап, сала ардагерлерін, еңбек озаттарын марапаттады.

Солтүстік Қазақстанда ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні атап өтілді

Аймақ басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров агросектордың  даму әлеуеті жайлы баяндама жасады.10 айдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығының жалпы өнімі 464 миллиард теңгені құрады. 61 миллиард теңге инвестиция құйылды. 5,3 миллион тонна бидай қамбаға түсті. Майлы дақылдардың алқабы ұлғайып, 1 миллион гектарға жетті. Бидайдың жалпы өнімі 61 миллирд, майлы дақылдар 25 миллиард теңгеге ұлғайды. Ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда  2,4 миллион теңге болса,  жыл соңына дейін 3 миллион теңгеге жетпек.

Салтанатты шарада  бірнеше аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Гектар берекелігін 23,6 центнерден айналдырған Қызылжар ауданына 30 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Жамбыл ауданы 20 миллион, Аққайың ауданы 10 миллион теңге сыйақыға ие болды.

Ауылшаруашылығы саласына цифрлық технологияларды қолдануда «Атамекен Агро», егіс алқаптарын әртараптандыруда «Бабық-Бұрлық», жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етуде  «Сервис Жарыс» серіктестіктері ең үздік деп танылып, арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Ауылшаруашылығы саласын дамытудағы үлестері үшін  «Шағала Агро», «Шатило және К», «Тайынша Астық» шаруашылықтарының жетекшілері кеуделеріне «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі қадалды. Бір топ диқан облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хатын алды. Концерттік бағдарламада елімізге танымал әншілер Қайрат Баекенов, «Формат» тобы өнер көрсетті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егеме Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы