Өнер • 25 Қараша, 2018

Балалар Еуровидениесі: Данэлия Төлешова үшінші нөмірде өнер көрсетеді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Минскіде өтетін Балалар Еуровидениесінің финалында байқаудың жеңімпазы анықталады. Оған қатысып жатқан отандасымыз Данэлия Төлешованың қай нөмірмен өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды belta.by

Балалар Еуровидениесі: Данэлия Төлешова үшінші нөмірде өнер көрсетеді

Данэлия Төлешованың финалда үшінші болып ән айтатыны анықталды. Шоу украиналық Дарина Красновецкаяның өнерімен ашылады. Одан кейін португалиялық Рита Ларанжейра сахнаға шығады. Данэлиядан кейін Албания өкілі Эфи Гика төртінші болады.

Бесінші - ресейлік Анна Филипчук, алтыншы - Нидерландтан келген Макс & Анна, жетінші - әзербайжан Фидан Гусейнова, сегізінші - Беларусь өнерпазы Даниэль Ястремский, тоғызыншы - Ирландия өкілі Тейлор Хайнс, оныншы - сербиялық Бояна Радованович, он бірінші нөмірмен италиялық Мелисса & Марко шығады, он екінші - Австралия өкілі Джаэль, он үшінші - грузиялық  Тамар Эдилашвили, ал одан кейін Ноам Дадон (Израиль) және Анжелина (Франция) ән шырқайды.

Македониялық Мария Спасовская он алтыншы, армениялық Л.Е.В.О.Н он жетінші, уельстік Манв он сегізінші, Мальта өкілі Эла он тоғызыншы болмақ. Финал Польшадан келген Роксана Венгельдің өнерімен қорытындыланады.