Аймақтар • 27 Қараша, 2018

Қостанайда полицияның қоғамдық көмекшілері марапатталды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл облыс өңірінде із-түзсіз жоғалып кеткен 15 адам қоғамдық көмекшілер арқасында табылды.

Қостанайда полицияның қоғамдық көмекшілері марапатталды

Бүгінде полицияның 1500 қоғамдық көмекшілері бар. Жұртшылықпен есеп беру кездесуінде Облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов қылмыскерді құрықтауда үлкен көмек көрсеткен 4 азаматты марапаттады. Сонымен қатар, кездесуде Бекет Аймағамбетов тұрғындарды құқық бұзушылыққа төзбеуге шақырды.

«Біз қазір бір жарым мыңнан аса қоғамдық көмекшілермен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Қылмысты ашқанда, әкімшілік құқықбұзушылықты анықтағанда және қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене қатысқан олардың еңбегі өте зор. Биыл полицейлер өзіне көмектескен 190 қоғамдық көмекшілерді көтермелеп, ынталандырды» деді Бекет Иманұлы.

Қылмыскерді ұстауға және жоғалған адамдарды табуға  көмектескені үшін марапатталғандардың арасында жоғары сынып оқушысы Нұрлан Шайсұлтанов та бар. Ол дүкенге қарақшылық жасаған қылмыскерді ұстаған болатын. Арам пиғылды қылмыскердің қолында пышақ болатын, бірақ оқушы қорықпай, айла-амалын тауып, полиция келгенше-ақ оны ұстап тұрды. Полиция департаменті бастығының қолынан марапат алған Олеся Логошиновачевская волонтерлер тобын ұйымдастырып, жоғалып кеткен 15 адамды табуға көмектесті.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай