Президент • 27 Қараша, 2018

Наталья Жұмаділдаева: Рухани жаңғыру бағдарламасының заңды жалғасы

463 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Болашақты бағамдау – қазіргі заманғы басшылардың басты бағдары. Ал болашаққа көз тастау еліміздің тарихын терең танудан басталмақ. Елбасының бұл тұжырымдамалық мақаласы біздің өткенімізді тарихи тұрғыдан кеңінен қарастыру үдерісіндегі жаңа бағыт болады.

Наталья Жұмаділдаева: Рухани жаңғыру бағдарламасының заңды жалғасы

Өз тарихымызды білу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды тану қазақтардың және басқа да этникалық топтардың этногенезіне әсер етеді, сол арқылы біз өткеніміздің ұлылығын терең танимыз. Сол арқылы қазіргі заманғы қазақстандықтардың қоғамдық санасы тарихтың жарқын мысалдарымен жетілдіріледі. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» деген ойдың Елбасы тарапынан сеніммен айтылуы Қазақстан халқын жарқын болашағымызға бағыттайды және жігерлендірді.

Ұлы даланың қырларын ұсына отырып, Президент Н.Ә.Назарбаев ғаламдық тарихта біздің рөлімізді байыпты және объективті түсінуде нақты ғылыми фактілерге сүйенудің қажеттігін айтуы, біздерді – Қазақстан халқын, жас ұрпақты өз тарихымызды тануға жұмылдыру деп түсінуге жетелейді.

Біздің алдымызға қойылған мақсаттарға жету үшін міндетті түрде тарихымызды білуге тиіспіз.

Мен кәсіби мұғалім ретінде, болашақ ұрпақты білім алу аясын кеңейтуге ұмтылуға шақырар едім. Сонда біз мемлекетіміздің үш ұстыны саналатын экономика, әлеуметтік даму және руханият үшеуін де қатар жетілдірер едік.Тарихты тану осылардың ішінде бірегей бағыт ретінде дами түскен болар еді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының игі нәтижелерін жалғастыра түсуге жол ашылды. Ендігі жерде осы бағытқа белгіленген ғылыми және қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланып, қазақ хандығынан бұрын мекендеген ежелгі халықтың өндірісі, мәдениеті мен өнерін өркениетіміздің бағзы заманынан күні бүгінге дейінгі мерзімін барынша әділ, шыншыл жетілдіруге күш салуымыз қажет. Осы орайда, өткен заманда бастауы Қазақстан жерінде болған, өмірімізге өшпес із қалдырған сабақтастықтың жаңа заманда да дами түскенінің жалғастары болуымыз қажет.

Бұл жерде айтайын дегенім, қызғалдақ пен алманың мекені екеніміздің тарихи тұрғыдан дәлелденуі, бүгінгі  өмірімізге де көрініс тауып, бұрынғы жетістіктерімізге қайта орала түссек деген ниеттеміз.

Жұртшылықтың қызу талқылауы мен пікір алмасуына түскен Елбасының бұл мақаласы бағзы заманнан келе жатқан асыл құндылықтарымызды қадір тұтуға, тәуелсіз ұрпағымыздың болашағына пайдалануға жол сілтейтін құнды дүние және мақалада аталған барша мәселелер халқымыздың бұл күнге дейінгі тарихымен және бұдан кейінгі болашағымен тікелей байланысты. Бұл мақала біздің Көшбасшымыздың рухани жаңғыру бағдарламасының заңды жалғасы.

Наталья ЖҰМАДІЛДАЕВА,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар