Президент • 28 Қараша, 2018

Астанада «Nur Otan Talks-тың» кезекті іс-шарасы өтті

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астанада «Nur Otan Talks» еркін ой алаңының кезекті іс-шарасы өтіп, қатысушылар «Қазақстанды өзгерткен бас­тамалар» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Астанада «Nur Otan Talks-тың» кезекті іс-шарасы өтті

Тұңғыш Президент күніне арналған басқосуға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, «Ұлттық кар­диохирургиялық ғылыми ор­талығы» АҚ басқарма төр­ағасы Юрий Пя, «Мейірім» қа­йырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин және студент-жастар қатысты.

Алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары М.Әшімбаев Елбасы шешім­дерінің ел дамуындағы рөлі мен маңызына қатысушылардың назарын аударды. Өз тәжі­рибе­сіндегі кейбір естелік­тер­мен бөлісіп, жас қазақстан­дық­тардың ертеңгі күнге деген сенімін күшейте түсті.

«Ел дамуындағы ерекше оқи­ғалардың бірі болған Ел­ба­сының келесі стратегиялық бас­­тамасы да «Болашақ» бағ­­дар­ламасы сияқты әлі күнге дейін Қа­зақ­станды жарқын бо­лашаққа бас­тап келеді. Ол – Қа­зақстан Пре­зи­дентінің осыдан 20 жыл бұрын елордамызды Ал­матыдан сол кездегі Ақмолаға ауыстыру туралы тарихи ше­шімі. Үшінші стратегиялық бастама – «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасының жүзеге асырылуы. Бүгінде жүйелі түрде жүр­гізіліп келе жатқан бұл ба­ғыт­тағы жұмыстардың да ел бола­шағы үшін маңызы зор», деді М.Әшімбаев.

Қатысушылар тақырыпқа сай тәуелсіз Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың елімізді дамудың жаңа деңгейіне алып шыққан бастамалары мен тарихи шешімдері жайында кеңінен сөз қозғады. Сондай-ақ олар өздерінің Мемлекет басшы­­сымен кез­де­сулері, бұл оқиға­ның өмір­леріне қалай әсер етке­ніне тоқталды. Одан бөлек, Елба­сының маңызды бастамала­ры қалай өмірге келгенін, олар­дың қабылдануына қандай оқи­ға­лардың себеп болғанын және сол бастамаларды жүзеге асыру­да өздерінің нақты қандай үлес қосқанын да көпшілікке әңгімелеп берді.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»