Facebook басшысының қателесуіне болмайды

Қыркүйекте, Facebook компаниясы он миллионға жуық қолданушысының деректері қолды болғанын мәлімдегеннен кейін технология индустриясында жүрген адамдардан мынадай қарапайым мәселені сұрай бастадым: Марк Цукерберг Facebook-тің қожайыны болуға лайық па? 

Егемен Қазақстан
28.11.2018 6290
2

Фархад МАНЖУ, «Нью-Йорк Таймс»

Елдің бәрі Цукерберг мырзаны осы қызметке лайық әлемдегі бірден-бір адам ретінде есептеді. Олардың қатарында Facebook-те жұмыс істейтіндер, ком­па­ния­да қызмет атқарып кеткендер, қар­жылық сарапшылар, венчурлық капиталистер, технологияға күмәнмен қарайтын белсенділер, Facebook-ті сынға алатындар мен оны қолдайтындар болды. 

Бәріне ортақ жауап мынаған саяды: Егер Цукерберг мырза Facebook-тің негізін қалаушы, бас директоры, төрағасы және ең күшті акционері ретінде кейінгі кезде компания тап болған қиындықтарға жауап беруден жалықса да, түйткілдің бәрін түзей алатын өзі ғана. 

Facebook-ті 34 жастағы Цукербергсіз елестете алатындар технология сала­сындағы ең алып компанияның түсініксіз хәлге түсетінін атап көрсетті.

Қазіргі таңда Цукерберг әлемдегі сайланбаған ең қуатты тұлғалардың бірі. Facebook жасаған шешімдер қоғам үшін үлкен өзгерістер әкеледі. Ал ол осындай хаос­тан мол пайда көреді. 

Цукерберг басқа акционерлерге қарағанда 10 есе басым дауысқа ие болғандықтан, ол бүкіл билікке ие және ешкімнің алдында есеп бермейді.

Мұның өз себебі бар. Кейінгі жиырма жылда алпауыт технологиялық компанияларда басшылары жіберген қателіктері үшін кадр таңдау мен қаржылық қиындықтардан қиналатын жүйе қалыптасқан. Алып технология негізін қалаушылардың нақты келбетін жасады: компанияның тасы өрге домалағанда, бүкіл марапатқа солар ие болады; ал ісі алға баспаса, бәрін дұрыстайтын қаһармандар да солар. 

Цукерберг мырзаның қателік жіберуі екіталай. 

Құпия мәліметтердің тарап кетуінен бөлек, Facebook жаһандық демократияға нұқсан келтіретін оқиғаға да себеп болды. Оның қатарында 2016 жылғы АҚШ президентін сайлауға қатысты дау да бар. 

БҰҰ-ның тергеушілері Facebook-тің Мьянмадағы геноцидке құрал бол­ғанын айтып отыр. Сонымен қатар желі Үндістан, Оңтүстік Судан, Шри-Ланкадағы қақтығыстарға да әсер еткен. Бұдан бөлек құпиялыққа және жар­­нама беруге қатысты дау-жанжал болып, АҚШ-тың қазіргі билігі жауап алға­ны, Facebook-ті қолданудың ойлау жүйе­сіне кері әсері туралы мәселелер де кездесті. 

Соған қарамастан, Цукерберг Face­book-ті жөндейтінін қайта-қайта мәлімдеді. Қазанның соңында журналис­тер компанияның саяси жарнамаларды жоюға талпынысынан түк шықпағанын көрсетті. Мәселен, Vice News агенттігі АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс пен Илим ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым – А.А.) ақысын төлеген делінген жарнамаларды сатып алған.

Цукерберг Facebook-ті түзету 2018 жылғы басты міндеті екенін мәлімдеді. Уәдесінде тұру мақсатында Portal деп аталатын хабтық құрылғыны қазанда жариялады. Құрылғы жарнама мақсатында қолдануға болатын деректерді жинамайды. Ол уәдесінде тұруға ерекше мән беруі тиіс. Өйткені Facebook-тің дерек жинау жүйесі күрделі болғаны соншалық, тіпті оны компания қызметкерлері де жете түсіне бермейтін сыңайлы. 

«Меніңше кейінгі екі жылда ол әдейі қателік жіберді. Оның қателігінің себебі оның ешкімге есеп бермеуінде. Егер акционерлердің және төралқа мүшелерінің ықпалы көбірек болғанда, өзгеріс­терге тез куә болатын едік», дейді Face­book-тің бұрынғы қызметкері Сэнди Пара­килас. Ол белсенді ұйым – Гумани­тарлық технологиялар орталығының стратегия бойынша аға сарапшысы. 

Өзгерістердің бірі – компанияны басқаруда төралқаның ықпалын күшейту. Trillium Asset Management инвесторлық фирмасы таяуда жариялаған акционерлер қарарын бірнеше штаттың қоры қолдады. Қарарда Цукербергтің Facebook төрағасы қызметінен бас тартуы міндеттелген. 
«Меніңше төралқа төрағасы міндеті­нен бас тарту кезінде оның шешім қабыл­дауға емін-еркін әсер етуіне мүмкіндік бермейтін құрылымдық өзгеріс қажет», дейді Trillium компаниясының директоры Джонас Крон. 

Facebook-тің баспасөз хатшысы ком­па­нияның қарарға байланысты ешқандай шара қабылдамағанын мәлімдеді. 
Ендеше, оқиға былай өрбімек. Цукер­берг Facebook-ті жөндейді немесе бұл ешкімнің қолынан келмейді. Ұнаса да, ұнамаса да қазіргі ахуал осындай. 

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу