Аймақтар • 29 Қараша, 2018

Ақтөбе облысында 15 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асқан

322 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде жүзеге асырылып жатқан жоғары технологиялық инвестициялық жобалар туралы баяндады.

Ақтөбе облысында 15 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асқан

Өңірде құны 55,8 млрд. теңге болатын 15 жоғары технологиялық инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, 1300 жаңа жұмыс орны құрылды. Байғанин ауданының Қожасай кен орнында құны 33 млрд. теңге болатын «Gas Proсessing Company» ЖШС газ өңдеу кешені құрылысының жобасы жүзеге асырылып жатыр. Нысан іске қосылысымен ілеспе газды өңдеу артып, тауарлы газ, газ күкірті, пропан-бутан қоспасы сынды өнімдерді  өндіруді игеруге мүмкін болады. Бұдан өзге, қондырғы ілеспе газды алау арқылы жақпауға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға әсер етеді. Заманауи тиімділігі жоғары технологиялар зиянды қалдықтарды азайтып газды толық өңдеуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, өңірде алтын комбинатының, керамикалық плиталар мен құрылыс материалдарын шығаратын зауыттардың, «А» класты логистикалық орталықтың құрылысы жүріп, Көктемгі-Арал кен орны игерілуде және т.б. жұмыстар жүріп жатыр.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысы мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһанды бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда. Өңірде биыл жол картасы аясында 55 кәсіпорын жаңғыртылды. Жалпы алғанда жабдықтар мен процестерді технологиялық жетілдіруге 85 млрд теңге салынды.

Жалпы, жыл соңына қарай, облыс 510 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отыр (2017 ж. - 437 млрд теңге), оның 85 %-ы бюджеттен тыс қаражат, 35 % -ы сыртқы инвестиция.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы