Еуразия идеясы – түркі ықпалдастығының негізі

Сонау Кеңес Одағы тарқап, Беловеж келісіміне қол қойылған жылғы тарихи жағдайды қазір еске алудың маңызы зор. Ол кезде тәуелсіздік буы әркімге қанат бітіріп, тоталитарлық кезең өткеннен, яғни КСРО бастаған жолдан және осыған ұқсас қандай да болмасын бір бұрынғыдай одаққа қайта оралудан түпкілікті бас тартылды. Тіпті соған ұқсас одақты құруды да билік басындағы демократтар қабылдамады. 

Егемен Қазақстан
30.11.2018 2723
2

Ал еуразиялық жобаны көздеген Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың идея­сы сол кезде сәнге айналған «өрке­ниетті ажырасуды» емес, интеграциялануды мақсат еткен болатын, сөйтіп Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылған еді. Демек, ол уақытта посткеңестік кеңістікте қандай да болмасын бір итеграцияландыру тетіктері, интеграциялық ахуал болған жоқ және біздің ойымызша, еуразиялық идеяның өзі жабулы қазан күйінде жатқан.

Ал енді осы Тәуелсіз Мем­лекет­тер Достас­тығын құру Орта­лық Азия рес­пуб­­ликаларына, бұ­рын­ғы Одақ мұсыл­мандарына, тіпті барлық мұсыл­ман әлеміне қарсы «славяндық одақ» туралы тезисті насихаттау үрдісіне ұласты. Сол күндері Ашхабадта Орта­лық Азия мен Қазақстан мемлекеттері басшыларының кеңесі өтіп жатты. Міне, осы кеңесте Назарбаевқа Ор­та­лық Азия аймағын­да түркілік одақ құ­руға қажеттілік жоқ екені туралы дәлелдеуге тура келді. Президент сол уақыттағы жағдайды «Ғасыр тоғы­сында» атты кітабында былай деп жазады: «Мен бұрынғы КСРО айма­ғында түркілер және славяндар одақтарын құру сценарийіне жол бермеуге бар күшімді салдым. Егер ол кезде мұндайға жол бер­сек, арада көп жыл өткен соң, біз­дің қандай кепке тап болатыны­мызды кім білген?!». Ақыр аяғын­да Орталық Азия елдері  «барлық субъектілерінің мүддесін көздейтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғының теңқұқылы  бірлескен құрылтайшылары болуға» шешім қабылдады. ТМД-ны түпкілікті құру түйіні алма­ты­лық кездесу болды. Сөйтіп Тәуел­сіз Мемлекеттер Достас­тығы құрылысымен, бұрынғы алып елдің құрама бөліктерін «өрке­­ниетті» бөлісу жайы да бекітілді. 

Содан КСРО таралуына дөп келген осы бір алмағайып кезеңде, яғни 1994 жылы күтпеген жерден Қа­зақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев Мәскеу мемле­кеттік универ­си­тетінде «Еуразиялық одақ» тұжы­рымдамасын жариялады. Бірақ бұл жұртқа ашық аспан астын­дағы найзағай жарқылындай әсер етті. Әлем демін тарт­қандай болды. 

Алайда әуелгіде Тәуелсіз Мем­­­ле­кеттер Достастығы елдері­­нің саясаткерлері мен ға­лым­дары тарапынан Назарбаев­тың еура­зиялық идеясы жеткілікті түрде қолдау таппады. Ресми Мәскеу ешқандай пікір білдірместен, үнсіз қалды. Бірақ сол кезде небір қарсы пікірлер айтылмай да қалмады. Қ.Тоқаев жазғанын­дай, Нұрсұлтан Назарбаевтың тұжырым­дамасына күйе жағу­шылар да табылды. Олар ресей­лік қоғам алдында тұжырым­да­ма­ның өңін айналдыра қара­лап, Президенттің беделін түсі­ру­ге күш салды. Бұл бізге қар­сы нағыз жоспарланған, алдын ала әбден ойластырылып ұйым­дас­ты­рылған ақпараттық науқан еке­нін түсіндік, дейді ол.

Бірде мен Ресей президенті­нің көмекшісі болып істейтін Кремль сарапшысымен әңгімелестім. Одан Қазақстан Президенті­нің тұжырымдамасына Мәскеу неліктен осыншама күмәнмен қарайтынын сұрадым. Сөйтсек, оның сыры саяси қызғанышта жатыр екен. Кремль Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еуразиялық идеясымен асығыстық жасаған деп есептепті, өйткені әуелі оны жарияламас бұрын Б.Ельцинмен және оның айналасындағылар­мен ақылдасуы керек екен. Солай істегенде, дейді әлгі менің әңгі­ме­ле­су­шім, еуразиялық тұжы­рым­да­маның бағы жанатын еді, әйтпесе, бәрібір оны ақпарат­тық қол­дауға Қазақстанның мүмкіндігі жет­пейді ғой. Әрине, сол кезде оның біздің ақпарат­тық әлеуетіміздің әлсіздігі туралы айтқанымен келіспеске амал болмады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ба­ғытта ешкіммен ашық айтыс­қа түсіп, пікір таластырған жоқ. Өзінің аймақ бойынша әріп­тес­терімен берік байланыс­ты нығайта берді. Ол Қазақстан­да өзге ел басшыларын жылы қабыл­дап, олармен көптеген кез­десу өткізіп, өзі де көршілес мем­ле­кеттерге шақы­ру­мен жиі шы­ғып тұрды. «Он бір жыл ішін­де мен небір кездесулер мен келіс­сөздердің куәсі болдым. Олар­дың арасында өзара хатта­малық-достық шаралар да өтті, бірақ кейде өте терең мә­селе­лер қозғалған ащы да, өт­кір, қатты сөздер қолданылған келіссөздер де болды», деп жазады Қ.Тоқаев. 

Бірде мен өзімнің шағын мұра­ғаттарымды ақтару үстінде 1998 жылдың қаңтар айында Астана қаласында  Н.Назарбаев, И.Кәрі­мов және А.Ақаевпен бірге өт­кен кездесудің жазбасын таптым. Бұл кездесу жаңадан тұрғы­зылған сырты сәнді, іші әдемі пре­зи­денттік резиденцияда өтті. Соған қарап, осы жайнаған жаңа апартаменттер әсері кездесуді жоғары дипломатиялық күйге бөлеуі керек еді дейміз ғой. Алайда кездесу барысы өте қатаң екпінмен басталды. Оны Өзбекстан пре­зиденті бол­ған марқұм Ислам Кәрімов ту­ғызды. Әуелі айтыс өзбек экс­­порт шарабының Қазақстан айма­ғында тасымалдануын шектеу жөніндегі біздің үкіметтің қаулысына сай туындады. Одан кейін Өзбекстан президенті Ас­қар Ақаевты қыр­ғыз-өзбек эконо­микалық қарым-қа­ты­насы жағ­дайын жетік біл­мей­ді деп кейіс­тік білдірді. Сол кезде шара­ның төрешісі ретінде араға Н.Назарбаев түсіп, сын өзегін өзіне қаратып, дәлелді деректермен тігісін жатқызып жіберді. 

И.Кәрімов мүлде келіспеген Қазақстандағы экономикалық реформаға байланысты туын­да­ған пі­кір­талас та есте қалыпты. Онда Нұр­сұлтан Назарбаев халық­­аралық қаржы институтта­рымен тығыз байланыс орнатып, ше­телдік тікелей инвес­ти­ция­лар­ды тарту, соған сай сала­лық ре­фор­­маларға жағдай жасау керек­тігін, инфрақұрылым жоб­а­ларына алтын-валюта қорын шы­ғын­дамай, ұлттық валю­та­ның айырбасталымы мен жеке­ше­лен­діруге қорықпай қадам жасау қажеттігін алға тартты.  Пікір­талас ұзаққа созылып, өте қатты өтті. Соның салдарынан дәстүрлі сал­танатты кешкі ас та бір сағатқа шегерілді.

Бұл кезде Орталық Азия ішінде жалпы интеграциялық шығынға сай ұлттық мүдде басым­­дылығы қағидаты қатаң сақ­тал­ды. Алайда ұлттық ар­тық­шылықты өзара келісу жүйесі әлсіз яки ол мүлде жұ­мыс іс­те­ме­гендіктен арада қайшы­лық­­тар үнемі туындап отырды. Бұл, мә­селен, өмірлік ма­ңы­зы бар фак­торлар – жер мен су­ды бөл­і­су мен пайдалануда анық көрінді. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен ара­дағы қарым-қатынасқа байланысты «тұрақсыздық әлеуеті және оған тамыздық та бар. Және қандай десеңізші! Өзбектер мен қазақтар шекаралас аймақтарда аралас тұрады, бау-бақшаны суғаруда су үшін үнемі дау шығады. Болмашы кетпен ұрысының арты үлкен дауға айналмасына кім кепіл» деп келісім жайын алға тартты. Өйткені этникалық жолақтар әлеуетті пікірталастар туғызады, бұл жағдайда аймақ­тың бір-бірінің ісіне араласуы да мүмкін. Бұл жөнінде Президент Кәрімов тіптен ашық айтты: «Коммуникация – Өзбекстанның ең осал тұсы. Бізге тек әзірге Солтүстікке ғана шығар жол бар. Құдай сақтасын, бұл жолды тек біреу-міреу жаба көрмесін!» Ал Солтүстік – бұл Қазақстан.

Орталық Азия елдерінің мем­ле­кетаралық қарым-қатына­сы­на шекаралық мәселелер көлең­­кесін түсірмей қоймады. Мәсе­лен, қырғыз-тәжік шекарасы 630 километрге созылып жатыр және Қыр­ғыз­станның оңтүс­тігінде 40 даулы учаскені құрай­ды. Ал даудың негізі, сарап­шы­лар пікі­рін­ше, ке­зін­де КСРО Орта­лық Азия рес­пуб­­лика­лары­ның арасындағы ше­­караны бөл­генде, алдымен эко­но­ми­калық тиімділікті ескеріп, тек сосын ғана этникалық және ұлт­­тық фак­торларды қаперге алып атүсті белгілеуінің салдары көрінеді.

Шекараны межелеу мәселесі бойынша өзбек-қырғыз келіссөзі өте күрделі және қарама-қай­шы­лыққа толы болды. Бүгінде енді екі туысқан халықтың бақытына орай Өзбекстанның жаңа Пре­зиденті Ш.Мирзиёев  бұл мәсе­ле­лерді шешуде қисынды да, сындарлы бағыт ұстанып отыр.

Соңғы жылдары Еуразиялық идеяның өміршеңдігі өмірдің өзімен, саяси тәжірибемен дәлел­деніп келеді. Еуразиялық инте­гра­цияның маңызды бір өлшемі ретінде Кедендік одақ, Еуразия­лық экономикалық қоғамдас­тық, Ұжым­дық қауіпсіздік шарт ұйымы құрылып, Біртұтас эконо­ми­ка­лық кеңістік келісіміне қол қо­йыл­ғандығын айтуға болады. Бұлар қазіргі кезде нақты жү­зеге асырылған бар дүниелер, бо­ла­шақтың жарқын үлгілері, олар іс жүзінде болашақ Еуразиялық одақ­тың негізін құрап отыр. Бұл Одақты құру барысында ТМД ел­дерінің жоғары дәрежелі сая­си қайраткерлерінің де еңбегі бар ек­ені жасырын емес, әйтсе де ға­лым­дар Н.Назарбаевтың салған жо­лы барлық жерден айқын бай­қа­латынын айтады. Оның бұл ты­нымсыз интеграциялық ұс­та­­ны­мы біздің туысқан елдер­дің күшін – бейбітшілік, қауіп­сіз­­­дік, экономикалық өрлеу, діни жә­не мәдени бірігу секілді бір­тұ­т­ас дос­­­тық алаңды құруға жи­нақ­тай­ды. Өйт­кені интеграция­лық про­цес­терге талдау жасау барысы бұл салада Нұрсұл­тан Назар­баев­­тың рөлі зор екенін көрсетеді. Еу­­ра­­­зия­лық құрылыстың ұшар ба­­сын­да оның жігері, шеберлігі, өзі­не тән жолы айқын байқалады, оны өз­гемен шатыстыру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы алдымен Кедендік одақтың, сосын 2012 жылдың қаңтарында тұсауы кесілген Біртұтас эко­но­­ми­калық кеңістіктің толық­қан­­ды жұмыс істеуіне барынша күш салды. Ақпан айында Еура­зиялық эконо­ми­калық комис­сия жұмысына кірісті. Мұн­дағы Нұрсұлтан Назар­­баев­тың темірдей ұстанымы тарап­тардың «бір ел – бір дауыс» қа­ғидаты мен бір деңгейде пәтуа­ға келуі бойынша тең өкілдік ету міндеті.

Сөйтіп уақыттың өзі көр­сет­­кендей, еуразиялық тұжы­рым­дама қа­зіргі таңдағы қоғамдық сана­ның аса қажет ететін және тиімді бағытын тап басып отыр. Қазақ­стан Президентінің жүйелі де дәйекті күш-жігері арқасын­да «еура­зия­лық нақтылық» Еуразия­лық экономикалық одақ ел­дерінің дамуының іргетасын қалап, еу­разиялық интегра­ция­ның одан әрі жаңа даму мүм­кіндіктерін қалыптастыруда.

Тәуелсіздік жылдарында еге­менді Қазақстан әлемге жаһан­дық қа­уымдастықтың әлдеқайда үйле­сімді де әділ дамуының ой­ла­с­­ты­рылған шешімдерін бірне­ше рет ұсынды. Соның бірі, мә­се­лен, 2012 жылы негізделген G-GLOBAL жобасы.

Жобаның алғашқы қағидат­тары 2012 жылдың 23 мамырында өткен V Астана экономикалық форумында жарияланды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем іскерлерінің алдына шығып сөйлеген сөзінде, әділ әлемдік құрылым негіздерін жіктеп берді. Бірінші – «эволюция, төңкеріс емес». Адамзат өткен ғасырда-ақ, саяси революция шегін тауыс­қан. Сондықтан реформа жолы – бұл ХХІ ғасырдағы жалғыз жол. Екінші – «әділдік, теңдік және келісім». ХХІ ғасырда елдер­ді ұлы және екінші, көшбас­тау­­шы және жетекші деп бөлу ес­кір­­ген. Мем­лекеттердің теңді­гіне не­гізделген әлемдік әділ сая­сат пен экономика қажет. Үшін­ші – «жаһандық төзімділік пен сенім­ділік». Мемлекеттер ара­сындағы бай­ланыс геосаяси сал­маққа қара­мастан төзімділікке негіз­делг­ен болуға тиіс. Төртінші – «жаһан­дық транспаренттілік». Әлем G-GLOBAL – бұл ашық қоғам, онда ешқандай қосар­лан­ған қалыптар болуы тиіс емес. Бесін­ші – «сындарлы көп­по­ляр­лы­лық». Міне, осы жанжал­дан кейін­гі көпполярлылық жаһан­дық шақыртуларды еңсеруге мүм­кін­дік беріп, ХХІ ғасырда адам­­­зат­тың тұрақты дамуын қам­та­масыз етеді. Бұған сенім мол.

Жумагул  СААДАНБЕКОВ,

саяси ғылымдар докторы, қоғам қайраткері (Қырғызстан)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

15.12.2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

15.12.2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

15.12.2018

Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

15.12.2018

Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды

15.12.2018

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

15.12.2018

Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды

15.12.2018

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

15.12.2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

15.12.2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу