«Мың бала» жеңімпаздары марапатталды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, этноағарту кешенде­рі­нің әдіс­керлері және жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. 

Егемен Қазақстан
30.11.2018 4245
2

Салтанатты іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы­ның орын­басары – Хатшылық меңгерушісі Л.Про­копенконың құт­тықтау сөзімен ашылды. 

– «Мың бала» жобасы 2015 жыл­дан бері Қазақстан халқы Ассам­блеясының бастамасымен «Қазақ­тану» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып келеді. Бүгінде бұл жоба әртүрлі ұлт өкілдерінің жас­тарына қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін және тілін үйретуге арналған жақсы бастамаға айналды. Мемлекеттік тіл – бұл жоғары жетіс­тіктерге ұмтылатын, табысты мансабын құратын жастарға арналған «әлеуметтік лифт», – деді ол. 

Жобаға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2017 жылы байқауға 252 мың бала қатысқан болса, биыл 271 мың оқушы қатысты. Үміткерлер байқау талаптарына сәйкес эссе, шығарма, диктант жазу және шешендік шеберліктерін көрсету бойынша жарысқа түсті. Марапаттау салтанатына еліміздің барлық өңірінен 48 оқушы мен оқытушы келді. 

Леонид Прокопенко жоба жеңімпаз­дарының арасында Қазақстанның бо­ла­шақ министрлері, әкім­­дері, журналистері, дипломаттары мен дәрігерлері бар екеніне сенім білдірді.

– Сіздердің бүгінгі жобадағы табыстарыңыз – бұл бүкіл Қазақстан­ның табысы. Қазақ тілі мен туған жерге деген ықыластарыңыз үшін шын жүректен алғысымды біл­діргім келеді, – деді Ассамблея Төрағасының орынбасары.

Үздік эссе, бейнероликтер автор­ларына Қазақстан халқы Ассамблея­сының марапаттары мен естелік сыйлықтары салтанатты түрде табыс­талды. «Асыл сөз» мектебі номинациясы бойынша – 18, «Еркін сөйле» – бейнероликтер эстафетасы» номинациясы бойынша – 13, «Тіл мектебі» номинация­сы бо­йынша 16 жеңімпаз марапатталды.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу