Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Шетелдік дипломаттар Astana Hub жұмысымен танысты

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшылары Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде болды. Қонақтарға технопарк инфрақұрылымы мен оның мүмкіндіктері, стартаптарды дамыту және қолдау бағдарламалары мен құралдары, сондай-ақ Hub-тың алғашқы нәтижелері таныстырылды.

Шетелдік дипломаттар Astana Hub жұмысымен танысты

«Жоғары технологиялар әлемді көз ілеспес жылдамдықпен өзгертіп жа­тыр. Мемлекеттердің еңбек нарығын­дағы бәсекеге қабілеттілігінің басты кри­териі – инновация. Осы орайда елі­мізде үлкен жұмыс атқарылуда. Қазақ­­­­стан­ның инновациялық әлеуеті жоғары және мүмкіндігіміздің өз деңгейінде бағаланбай жатқанын да байқап отырмыз. Біздің елде талантты және жасампаз жастар жеткілікті. Қазақстан – әлем бойынша сауаттылық деңгейі жоғары мемлекеттердің бірі. Тәуелсіздік жылдарында біз бәсекеге қабілетті оқу орындарын құрдық. Ал бүгін осы әлеуетімізді нақты өндірісте сы­най­тын уақыт жетті», деді Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауап­ты хатшысы Жанат Қожахметов. 

Жауапты хатшының айтуынша, шілде айында елде венчурлы қаржылан­дыру туралы заң қабылданып, шетелдік жұмыс күші үшін визалық және еңбек режимі барынша оңайлатылды. «Алдағы уақытта Astana Hub қатысушыларына салықтық жеңілдіктер жасалады. Жыл соңына дейін осы бастамалардың барлығы заңды күшіне енеді деп үміт­тенеміз», деді Ж.Қожахметов. 

Қазірдің өзінде АҚШ пен ТМД елдерінің инновациялық орталық­тарымен әріптестік орнатып үлгерген хабта 150-ден астам топ жұмыс істеп жатыр. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылға дейін стартаптар алаңына тар­тылатын инвестиция көлемін 67 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде отандық экономиканы жаңа­­ша түрлендіріп, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етпек. 

Шараның соңында шетелдік дипломаттар Astana Hub-тағы стартап­шылармен сұхбаттасып, алаңның жұмы­сымен кеңінен танысты. Өз кезе­гінде хаб өкілдері тек отандық емес, кез келген шетелдік IT-стар­тап­шы­лардың Астанаға келіп, өзінің идеясын жүзеге асыра алатынын, ол үшін хаб басшылығы тегін кеңсе мен құрал жаб­дықтан бастап инвестор табуға дейін көмектесетінін айтты. 

Бауыржан МҰҚАН, 

«Егемен Қазақстан»