Аймақтар • 30 Қараша, 2018

Маңғыстауда дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

1070 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Қарабалаев Нұрбек Жұмабекұлын тағайындады.

Маңғыстауда дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Нұрбек Жұмабекұлының «құқықтану», «дене шынықтыру және спорт мұғалімі» мамандықтары бойынша білімі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде әскери қызметтен бастаған.

2013-2017 жылдар аралығында «NAIZA FIGHTER» кәсіпқой спорт клубы» Қоғамдық бірлестігінің Панкратион бойынша Маңғыстау құрама командасының аға жаттықтырушысы, кейін осы Қоғамдық бірлестіктің басшысы, Маңғыстау облысының парус бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»  басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қаңтар - қараша айлары арасында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2017 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін осы басқарманың басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы