Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Барселонада Лионель Месси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен суретке түсті

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентина құрамасының капитаны әрі Испанияның «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен суретке түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Барселонада Лионель Месси қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен суретке түсті

Спорт жұлдыздары Испанияның Барселона қаласында Швейцарияның SIRIN Labs компаниясы жасаған Finney атты әлемдегі алғашқы блокчейн смартфонның таныстырылымына қатысты.

Жабық форматтағы шараның фотосуреттерінің бірінде Месси GGG-мен бірге қазақстандық бизнесмендердің ортасында тұр. Суретті қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Туиттердегі парақшасында жариялады.