Медицина • 01 Желтоқсан, 2018

Ақтауда «Ана мен бала» орталығы қолданысқа берілді

889 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай пайдалануға берілген ғимараттың ашылуына денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысты.

Ақтауда «Ана мен бала» орталығы қолданысқа берілді

Жалпы ауданы 28 000 шаршы метрді құрайтын жаңа орталық жеті блоктан тұрады. Ол 250 орынға арналғанжәнезаманауи талаптарға сәйкес материалдық техникалармен жабдықталған. Мұнда жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жоғары қауіпті топтағы босанған әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге, шала туған және салмағы аз балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық және неонаталдық, медициналық-санитарлық және консультациялық диагностикалық көмек көрсетіледі.

-Ең алдымен барлығыңызды Тұңғыш президент күні мерекесімен шын жүрекетн құттықтаймын. Бүгінгі ашылған орталықтың негізгі мақсаты облыс тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету, халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру болып табылады. Мұндағы біліктілігі жоғары медицина қызметкерлері тұрғындарымызға сапалы қызмет көрсетіп, халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында аянбай қызмет жасайды деп сенемін. Баршаңызды тағы да қазіргі заманғы талаптарға сай салынған жаңа «Ана мен бала» орталығының ашылуымен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасы бақыты мен берекесін тілеймін! Дәрігерлік анттарыңызға адал болып, халықтың алғысына бөлене беріңіздер! деді аймақ басшысы орталықтың ашылу салтанатында.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы