Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2018

Қостанайда 450 отбасы баспаналы болды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда мемлекеттік бағдарламалар арқылы құрылыс индустриясы жылдам дамып келеді.Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша Қостанай қаласының жаңа «Аэропорт» және «Юбилейный» шағын тұрғын аудандарында салынып біткен үйлерден баспаналы болған қостанайлықтарға пәтер кілтін табыс етті.

Қостанайда 450 отбасы баспаналы болды

«Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестиция жыл сайын артып келеді. Келесі жылы оның көлемі 25 миллиард теңге болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл баспаналы болатын адамдар саны көбейе түседі деген сөз» деді Архимед Бегежанұлы. «Аэропорт» шағын тұрғын ауданында №26 және 33 үйлерді « РСО Сәулет» құрылыс компаниясы сапалы салып бітірді. Екі үйге 1,5 миллиард теңге жұмсады.

Сонымен қатар «Юбилейный» шағын тұрғын ауданында «БК-Строй» фирмасы салған №39 үйдің тұрғындары да облыс әкімі қолынан пәтірінің кілтін алды. Бұл облыста «7-20-25» бағдарламасына қатысқан алғашқы пәтер иелері болатын. Үй 11 айда салынып бітті.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы үйдің сапасы өте жоғары. Осыдан тура бір жыл бұрын бұл жерде жалаңаш дала болатын. Бұл ауданда бір жылдың ішінде 47 ғимарат бойы көтерді. Оның ішінде тек тұрғын үйлер ғана емес, әлеуметтік нысандар да бар. Бұл ауданда инфрақұрылым толық қамтамасыз етілетін болады» деді Архимед Бегежанұлы.

Сонымен қатар, әкім биыл әлеуметтік аз қорғалған адамдар үшін олардың алғашқы жарналары субсидияланатынын айтты. Әрине, ол қайтарылатын қаржы болғанмен, үлкен жеңілдікті сезінеді. Мердігер фирма осы үйлердің барлығына жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланды.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыста 300 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылатын болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай