Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2018

«Елбасы және жалынды жастар» атты жастар форумы басталды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы және жалынды жастар» атты жастар форумы басталды. Мерекелік шараға қаланың құрметті азаматтары, Елбасының серіктестері, кәсіпкерлер мәртебелі мейман ретінде қатысты.

«Елбасы және жалынды жастар» атты жастар форумы басталды

Форумға қатысушылар елімізде Президенттің бастамасымен жүргізілетін «Жастар жылының» басталуын жариялады. Сонымен қатар, қарағандылықтар #NURQADAM_KRG хэштегін іске қосты. Бұл атаумен жастар түрлі саладағы жетістіктері мен жеңістері жайлы жазған мақалалары мен жазбаларын жариялайтын болады. Акция қорытындысы 2019 жылдың 1 желтоқсанында шығарылады.

Мерекелік концертте «Arizona» би ансамблі, музыканттары президенттік оркестр құрамына кіретін «Baizhan group» вокалдық-аспаптық квартет секілді астаналық ұжымдар өнер көрсетті.


Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды