Спорт • 02 Желтоқсан, 2018

«Барыс» «Автомобилистен» ойсырай ұтылды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

  Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын өз мұз айдынында өткізген Астананың «Барысы» Екатеринбургтің «Автомобилист» клубынан ойсырай ұтылды.

«Барыс» «Автомобилистен» ойсырай ұтылды

Бәсекенің басынан аяғына дейін қонақтар үстемдік құрды. Бірінші кезеңде Стефан Да Коста мен Александр Кучерявенко мергендік танытса, үзілістен кейін Павел Акользин соққан шайбаға «Автомобилистің» ойыншылары екі голмен жауап қайырды. Бұл голдардың авторлары –Найджел Доус пен Анатолий Голышев. Үшінші кезеңде Анатолий Голышев, Стефан Да Коста, Артем Гареевжәне Найджел Доус нысананы дәл көздеді. Бұған астаналықтар бір ғана шайбамен жауап қайтара алды. Бұл голдың авторы – Керис Волк. Қорытынды есеп – 2:7.

Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншілікте тоғызыншы орынды иеленуде. 32 кездесу өткізген жерлестеріміз 44 ұпайды еншілеуде. Шайба айырмашылығы – 106-93. Ертең астаналықтар жарыс кестесінде бесінші орында тұрған Магнитогорскінің «Металлург» клубын қабылдайды.

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»