Спорт • 02 Желтоқсан, 2018

Еуро-2020: Іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуро-2020: Іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Қазақстан құрамасы Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино елдерімен I тобына түсті.

Еуропа футбол қауымдастығына (UEFA) мүше 55 ел қатысатын іріктеу жарысы 2019 жылы 21 наурызда басталады. Әр топтан 1-2 орын алған құрамалар Еуропа чемпионатының финалдық турниріне жолдама алады.

Айта кетейік, Еуропа біріншілігіне барлығы 24 ел қатысады. 20 ел іріктеу жарысы арқылы жолдама алса, 4 құрама Еуропа лигасы жарысы арқылы лицензия иеленеді.