Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2018

Президенттік институт – мемлекеттік нышан

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Президент – Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Президенттік институт – мемлекеттік нышан

Жиынды ашқан университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов Тұң­ғыш Президент күні – мем­ле­кеттік билік институтының симво­лы, Тәуел­сіздік іргетасын бекіте түс­­кен мәртебелі мейрам екенін айт­ты.

– Қазақстандағы ең көне жоғары оқу орындарының біріне саналатын Махамбет Өтемісұлы университеті Мемлекет басшысы жүргізіп келе жатқан барлық бастаманы қызу қолдайды. Өйткені бұл реформалар – әр адамның көкейіндегі арман-мақсатқа жақындата түседі, – деді Қажымұрат Мақсұтұлы.

Жиында Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­ті­гі­нің облыс бойынша де­пар­та­ментінің сыбайлас жем­қорлық про­филактикасы бас­қармасының басшысы Бір­жан Хайруллин сөз алып, Ақжайық өңіріндегі мем­лекеттік қызмет­шілердің бү­гінгі талапқа сай жұмысына сарап­тама жасады. 

Тарих ғылымдарының магистрі Даниял Танзенов болса, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқы­ның рухани жаңғыруына қосқан үлесі туралы тарихи тұрғыдан сөз қоз­ғады. Елбасының қазақ қоғамының тұрақ­тылығын сақтаудағы еңбегі гума­нитарлық білім магистрі Гүл­ба­­рам Жәлекенованың баяндама­сы­на да өзек болды.

Ал облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық же­тілдіру басқармасының бас ма­ма­ны, экономист Нұрлан Таш­ке­нов елімізде кәсіпкерлікті қол­дау бағытындағы мемлекеттік бағ­дар­ламалар туралы айтып берді. Жи­налғандар заң ғылымдарының магистрі Дәурен Сағынғалиевтің «Жаңа келбеттегі Қазақстанның жаһанға танылуы» атты баяндамасын да ықыласпен тыңдады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар