Футбол • 04 Желтоқсан, 2018

Лука Модрич «Алтын доп-2018» иегері атанды

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде «Алтын доп»  сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Лука Модрич «Алтын доп-2018» иегері атанды

Бұл марапат Мадридтің «Реал» командасының және Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модричке бұйырды.

2018 жылы ол «Реалда» қатарынан үшінші рет Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті, ал өз құрамасының сапында әлемнің вице-чемпионы атанды. Еске сала кетсек, финалда Хорватия Францияға 2:4 есебімен жол берген еді.