Бокс • 04 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда бокстан республикалық турнир аяқталды

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогының, КСРО–АҚШ матчы кездесуінің, КСРО халықтары спартакиадасының, КСРО кубогының төрт мәрте  жеңімпазы болған даңқты спортшы Камиль Сафиннің  құрметіне арналған республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды.

Солтүстік Қазақстанда бокстан республикалық турнир аяқталды

Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеге  Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл қалаларынан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген кіл шеберлер жұдырықтасып, шаршы алаңның шаңын қақты.

46 кило салмақ бойынша  ақтық бәсекеде  алаң иесі Тастүлек Асылбек  астаналық Сейілбек Әлкейді ұтты. 49 кило  салмақ дәрежесінде түркістандық Тәліп Рысхан қарсылас шыдатпады. 52, 56, 60, 75, 91 кило салмақ  бойынша Дарын Құлжабаев  /Алматы облысы/, Нұрғали Сағдат, Ділшәтбек Тайыржанов, Окаро Джозеф  /Солтүстік Қазақстан, / Абзал Құлжан /Ақтау/ жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.

91 килодан жоғары салмақта шымкенттік Озот Ирисметов  чемпион атанды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы