Сенат комитеті кинематография мәселелері жөніндегі заң жобаларын қарады     

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Кинематография туралы» заң жобасы қаралды. 

Егемен Қазақстан
04.12.2018 3216
2

Заң жобасы кинематография саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерді айқындау мақсатында әзірленді. Кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін дербес заңды қабылдау киноөндірісті қолдау, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халыққа арналған кино көрсету қызметінің қолжетімділігі, киноиндустрияның ашықтығы мен инвестициялардың тартымдылығы, қазақстандық киноның шетелдегі беделінің өсуі мен танылуы үшін заңнамалық деңгейде жағдай жасау қажеттілігімен негізделген.

Заң жобасымен жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының (бұдан әрі − Орталық) жұмыс істеуі үшін құқықтық негіз жасалған. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды және ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдауды ұсыну, сондай-ақ кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөнінде бірыңғай оператор болып табылады.

Фильмді ұлттық деп тану жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Орталықтың жанынан Сараптама кеңесі – шығармашыл қызметкерлер мен сарапшылар қатарынан консультативтік-кеңесші орган құрылады. Заң жобасымен сондай-ақ ұлттық киноны мемлекеттік қаржыландырудың жаңа үлгісін енгізу ұсынылады. Мемлекеттік қаржылық қолдау ұлттық фильмдерді шығаруды, прокаттау мен көрсетуді және осыған байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде ілгерілету үшін ұсынылады.

Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдап дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган – Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссия құрылады. Заң жобасы қабылданған соң Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылатын болады, ол Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді жүйеге келтіру және есепке алуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ заң жобасымен ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдерді және жекелеген заңды тұлғаның жұмыс істеуі арқылы бастапқы материалдарды сақтау жолымен ұлттық кинематографияны қолдау көзделіп отыр.

Заң жобасына сәйкес фильмді фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдерге және Қазақстан Республикасының аумағында прокаттау мақсатында әкелінетін (жеткізілген) фильмдерге жас санаттары беріле отырып, жасқа сыныптау жүзеге асырылады. Қазақстан  Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және қажеттілігіне қарай басқа да тілдерде жүзеге асырылуға тиіс.

Прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталатын және көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер қазақ тіліне дубляж жасалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс. Комитет отырысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Негізгі заң жобасының тұжырымдамалық бағыттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Аталған түзетулер салалық сипатқа ие және кинематографиямен байланысты мәселелерді құқықтық реттеуге арналған.   Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін түзетулер Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауаптылықты көздейді. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ұлттық фильмдерді өндіру және прокаттау үшін салықтық преференцияларды қолдануды көздейді.

Аталған түзетулерге сай Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуден түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады. Заң жобасымен «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайталанатын нормаларды алып тастау және «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Аталған түзетулерге сәйкес мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдарды – театр, музыка қызметі және концерттік қызмет, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестерді құрады. Осы заң жобасы қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасында кинематографияны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалады.

Құжаттар Палатаның қарауына жіберілді.

 
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.12.2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

15.12.2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

15.12.2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

15.12.2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

15.12.2018

Димаштың келесі жеке концерті Мәскеуде өтеді

15.12.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

15.12.2018

Шет ел басшылары Президент пен қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

15.12.2018

Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды

15.12.2018

Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

15.12.2018

Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды

15.12.2018

Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды

15.12.2018

Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды

15.12.2018

15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу