Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Жас хоккейшілердің бәсекесі өз мәресіне жетті

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Номад» спорт кешенінде Тұңғыш Президент күніне орай шайбалы хоккейден балалар мен жасөспірімдер арасындағы турнир өз мәресіне жетті.  

Жас хоккейшілердің бәсекесі өз мәресіне жетті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі кубогы жолындағы жарыста еліміздің 12 облысынан келген 24 команда бақ сынады. Барлығы – 362 спортшы. Солардың арасынан Астананың қос командасы суырылып шығып, финалдық сайыста бас жүлдені өзара сарапқа салды. Бұл тартыс «Барыс барсы» клубының пайдасына шешілсе, «Астана 2010» ұжымы күміс медальді иеленді. Ал кола жүлде Петропавлдың «Құлагеріне» бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалармен қатар, жекелеген аталмымдар бойынша үздік деп танылған ойыншылар да арнайы сыйлықтармен марапатталды. Олар:

«Үздік қақпашы» – Арина Павловская («Олимп», Ақтөбе)

«Үздік қорғаушы» – Әнуар Мұрат («Рақымжан», Алматы)

«Үздік шабуылшы» – Сұханберді Рахматуллаев («Тұран», Шымкент)

«Үздік мерген» – Айбар Марат («Қайсар», Қызылорда)

«Үздік шебер ойыншы» – Глеб Югов («Құлагер», Петропавл)

«Ең жас ойыншы» - Ален Гриценко («Олимп», Ақтөбе).

Жарыстың жабылу салтанатына Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, айтулы министрліктің бақылау комитетінің төрағасы Талғат Ешенқұлов, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Садық Мұстафаев, Әуесқой хоккей лигасының ұйымдастырушысы Ғалым Нұржанов  қатысып, балғын хоккейшілер арасындағы осы турнир енді әр жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратынан мәлімдеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»