05 Желтоқсан, 2018

«Жылдың жас ақыны» болып Мерей Қарт танылды

746 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жастар форумы-2018» мерекелік шарасы өтті.  Шараға қала әкімі Ермак Сәлімов қатысып, форумға қатысушыларға ақ жол тіледі.

«Жылдың жас ақыны» болып Мерей Қарт танылды

- Қазіргі заманда жастарға көп талап қойылады, сіздер елдің болашағысыздар! Біз жастар саясатын әрқашан қолдап отырамыз. Сіздерге барлық жақсылықтар мен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Форум барысында көпшілік «Career guidance»,  «Elective», «Zhas Study»  «Бизнес-Инкубатор КазГЮИУ», «InWave» сияқты бағдарламалармен де танысты. Форум кешінде қала әкімінің сыйлығына 11 үміткер таңдалынып алынып, ақшалай сыйлық пен марапаттарын алды. Олардың қатарында «Жылдың жас ұйымы» атауына «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» қанаты ие болды. «Жылдың жас отбасына» екі бірдей отбасы таңдалынып алынды. Қоғам өміріне белсенді қатысушы Айбек  Жәлелов пен жары Сәуле, сондай-ақ,  Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай мен жұбайы Әйгерім Қабидоллақызын қала әкімі Ермак Сәлімов құттықтады. Үздік студент Ернар Амангелдіұлы «Жылдың жас волентері» атағына ие болды. Пауерлифтингіші  Тастанбеков Ержан «Жылдың үздік спортшысы» марапатына ие болды. Ержан өзі бала кезінен спортпен айналысып, қажымас қайратын дәлелдей білді. Ал  «Жылдың жас дарыны» болып ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Семей филиалының төрғасы Мерей Қарт танылды. Мерей Қарттың осы марапатқа лайық екендігі оның жас та болса, көптеген қоғамдық істерге араласып, өзінің талантымен танылуында, деді ұйымдастырушы Жастар Ресурстық Орталығының мамандары. Мерейлі құттықтаудан соң барлығы арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады. Жыл үздіктері аталғандардың барлығына арнайы диплом мен 50 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ,

Семей