Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2018

Маңғыстауда «Шотан батыр» деректі фильмінің тұсауы кесілді

1203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік Коммуникация Қызметінің ұйымдастыруымен «Достық үйінде» «Шотан батыр» деректі фильмі туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Спикерлер ретінде Шотан Назарұлының өмірі мен батырлығын тарихи тұғырда жан-жақты зерттеп, қалам тартып жүрген жазушылар мен профессорлар қатысты.  Баспасөз мәжілісінен соң облыс әкімінің орынбасары М.Н.Сқақовтың қатысуымен фильм көрсетіліп, марапаттау рәсімі болды.

Маңғыстауда «Шотан батыр» деректі фильмінің тұсауы кесілді

Деректі фильмді түсіру жұмыстары 2017 жылдың 5 тамызынан бастап, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынды. «Шотан батыр» қоғамдық қорының тапсырысымен түсіруші – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек. Бүгінде Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы өңірлерінде түсірілген «Шотан батыр» фильмі бірнеше тілдерге аударылып, отандық және түркітілдес мемлекеттердің телеарналарына жол тартты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы