Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018

Байқау лауреаттары марапатталды

387 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы кітапханасында «Туған жерім» XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі «Туған өлкем» республикалық бағдарламасының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. 

Байқау лауреаттары марапатталды

Іс-шараны Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен 2005 жылдан бастап «Балалық шақтан көзқарас» жобасын жүзеге асырып келе жатқан ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды.

Бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарында қосымша білім беру ұйым­дарына баса көңіл бөлуге шақырады. Бағ­дарламаның алғашқы жылында Ел­басының кітапханасы музейінің көр­месіне Семей, Павлодар, Шымкент және Екібастұз қалаларындағы балалар көркемсуерт мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылды. А­стананың 20 жылдығында «Туған өл­кем» бағдарламасының барлық көр­мелері елорда мерейтойына арналады. Көрме нәтижесі бойынша қазылар ал­қасы үздік жұмыстармен қатар, сайысқа қатысқан әр мектептің үздік мұғалімін анықтады. Төрт көрмеге түрлі техни­ка мен жанрда орындалған 300-ге жуық жұмыс қатысты. Олардың үздігі Назар­баев орталығы ғимаратының қорытынды көр­месінде ұсынылды.
– «Туған жерім» республикалық бай­қауының жеңімпаздарымен Елбасы кітапханасында Тәуелсіздік күні қарса­ңында қауышу – үлкен қуаныш. «Балалық шақтан көзқарас» жобасы мен «Туған өл­кем» республикалық бағдарламасын ойда­ғыдай жүзеге асырудың да қуан­тарлық жағдай екенін айта кеткен жөн. Осы орайда әріптестерімізге, ұстаздар мен оқушыларға атқарылған ортақ жұ­мыс үшін үлкен алғыс айтамыз. Ке­лер жыл жаңа кездесулер мен тың көрмелерге толы болмақ.  Дарынды жас­­­тарымыздың жұмысы ұсынылған бү­­­гінгі көрме олардың шымылдығын аш­қалы отыр, – деді Елбасы кітапханасы дирек­торының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов. 

«Туған жерім» XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарына естелік сыйлықтар мен дипломдарды Қазақстанның еңбек сі­ңірген мәдениет қайраткері Нелли Шир­вина, Қазақстанның құрақ құрау шебер­лері қауымдастығының президенті Тамара Штрошерер, Астана қаласы. Балалар көркемсурет мектебінің директоры Гүлзия Исенова, Астана Суретшілері одағы басқармасының төрағасы Жанұзақ Мүсәпір табыстады.

Байқаудың ІІІ дәрежелі дипломымен Алина Жалғасқұлова, Тұмарханым Сұл­танбек, Аида Еркобай, Арайлым Қайролла, Анастасия Боровская марапатталды. ІІ дәрежелі дипломды Асемай Түгелбаева, Малика Дулатова, Балжан Әкімжанова, Зульфия Муфе иеленді. 
I дәрежелі дипломға Карина Иляхунова, Ақжол Карағұлов, Сағыныш Қайролла, Полина Холевич ие болды. Байқаудың басты жүлдесін Қымбат Тілемісова, Ева Штрошерер, Екатерина Кривилева қанжығасына байлады.

Қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі «Туған өлкем» респуб­ли­калық бағдарламасының лауреаттары бо­лып Зухра Тұрсынбекова, Анастасия Прокопцева, Мейраш Асылтасова аталды.

Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжа­нов үздік ұстаздар ретінде Жеңіс Мұқы­шев, Светлан Рейн, Қалия Қарабаева, Оль­га Астапенко, Алексей Смирнов сынды суретшілерді марапаттады.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»