Технология • 06 Желтоқсан, 2018

Цифрландыру саласында 40 жоба жүзеге асырылып жатыр

873 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Baikonyr Invest» Х халықаралық форумында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.

Цифрландыру саласында 40 жоба жүзеге асырылып жатыр

Жобалар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Smart city» тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр.

- Бүгінде аймақта білім беру, денсаулық сақтау, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы, көлік және қауіпсіздік, бизнес салаларында жалпы құны 4,4 млрд.теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылуда, - деді облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.

Осылайша, қауіпсіздік саласын цифрландыру бойынша 5 жоба жүзеге асырылады. 2020 жылдың соңына дейін 1400 бейнекамераны орнатылады және облыс орталығында жол қозғалыс ережелері бұзушылықтарын тіркейтін 31 жүйе іске қосылады. Сондай-ақ, пилоттық режимде 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылды, ол жедел-жәрдем, полиция, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, газбен қамту, анықтама қызметін біріктіреді.

Өнеркәсіп саласын цифрландыру шеңберінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай өндіруді 1-2% - ға дейін ұлғайтуға, жөндеу аралық кезеңді 700 күнге дейін ұзартуға, операциялық шығындарды 10% - ға дейін қысқартуға және басқарушылық шешімдердің тиімділігін 20% - ға дейін арттыруға мүмкіндік беретін «Ақылды кен орны» технологиясын енгізу бойынша жұмыстар басталды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы