Агрокешенді дамыту – бәсекеге қабілеттікке бағытталған қадам

Алматыда өткен ІІІ Орталық Азиялық агротехникалық саммит аясында ауыл шаруашылығы саласын бәсекеге қабілетті дәрежеге көтеру бағытында жаңа технологиялық жетістіктерді игеру, әлемнің озық тәжірибелерін меңгеру, агробизнесті қаржыландыру тақырыбында отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар пікір алмасып, таяу келешектегі бірлескен іс-қимылдар барысына шолу жасады.

Егемен Қазақстан
06.12.2018 6725
2

Ауыл шараушылығы министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Агротехнологиялық Хаб және Азия Даму Банкімен бірлесе ұйымдастырылған саммит жұмысын ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов кіріспе сөзбен ашып, халықаралық пікірлесу алаңы ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді деп атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбеков 2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамыту, ауыл шаруашылығын цифрландыру, технологияларды коммерцияландыру тақырыптарын қозғаған саммиттің алғашқы сессиясында агрокешенді мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Құрғақшылыққа бейім, құбылмалы ауа райына байланысты елімізде жоғары өнімділікке суармалы жерлерді көбейту арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы алдыға қойып отырған жоғары өнімділікке, ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 пайызға арттыру межесіне жету үшін  суармалы жерлердің жайына ерекше көзқарас қажет. Ал алдағы он жылда суармалы жерлердің көлемін 1,4-тен 3,5 млн гектарға дейін жеткізу міндеті тұр. Осы орайда әлемдік тәжірибені игерудің маңызы зор. Осы тақырыпқа арнайы шолу жасап өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев 2018-2025 жылдарға дейінгі болжамдарға тоқталды. Маманның айтуынша, жоғары ылғалдылықсыз сапалы әрі мол өнімге қол жеткізу мүмкін емес. Халықаралық тәжірибеге және Әлемдік банк зерттеулеріне сүйенетін болсақ, қазақстандық аграрилердің суға шығыны 4 пайыздан аспауы қажет. Суды үнемдей отырып, жоғары өнімділікке қол жеткізуде мемлекеттің қолдауы да жеткіліксіз болып табылады. Мұндай жағдайда мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы саладағы бірқатар кешенді жұмыстар жүзеге асуы тиіс.

Еліміздің және де АҚШ, Италия, Нидерланды, Германия, Түркия, ТМД елдері ғылыми орталықтарының жетекші мамандары озық тәжірибелерімен бөліскен сессия отырысында Мичиган штатының жерді бақылау орталығының директоры, доктор Дзягуо Чи,  экономист Рене Арауио Енсизо, Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Джиованни Каппанелли, ғалым Томас Селлуччи, академик Ғани Қалиев, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы төрайымы Елена Бахмутова, Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы Инвестициялық орталығының агробизнес жөніндегі жетекшісі Инна Пунда, Нидерландының Дельфт Халықаралық Гидрологиялық институтының докторы Вим Бастиаансен, АҚШ ғалымдары Кен Спает, Филипп Гертин,  Брайн Ректор және т.б. ғалымдар жайылымдық жерлер мен алқаптарға мониторинг жүргізуде қашықтықтан бақылау технологияларын қолдану, агроөнеркәсіптік кешенді жетілдіру, жаңа ғылыми зерттеулер, су ресурстарын пайдалануда ғарыштық технологияларды пайдалану, ет өндірісі,  мал шаруашылығы, жылыжайларда дақылдар өсіру, өсімдіктерді қорғаудағы биологиялық әдістерді қолданудағы озық жетістіктермен бөлісті.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу