Павлодарда прокурорлар сотталушылардың сурет көрмесін өткізді

Облыстық прокуратура мен Үкіметтік емес «Адал» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен  сурет көрмесінің мақсаты - Діни экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталғандарды оңалту.

Егемен Қазақстан
06.12.2018 7120
3333
2222
2222

Сотталғандардың арасында  ұйымдастырылған байқауға 60 сотталушы қатысты. Көрмеге 45 сурет қойылып, үздік туындының авторлары аталды.

Көрмеге халықаралық деңгейдегі трейнер-медиатор  Татьяна Дронзина және еліміздің Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының басшысы Есенова Диана сияқты мамандар арнайы қатысты.

- Бұл көрме-экстремистерді оңалту жұмысының ұзақ бірі ғана нәтижесі. Бұл бастама экстремизм және терроризммен күрес саласында халықаралық қауымдастықтың назарына ілігетіндей  жоба,- дейді Татьяна Дронзина.

- Көрмедегі туындылардан  сурет көріп қана қоймай, ауыр қылмыспен сотталғандардың дүниеге көзқарасын, ұстанымын байқауға болады. Олар көзқарасты түбегейлі өзгертуде. Бұл жоба мамандардың радикалды ағымға түскендерді қайта дәстүрлі дінге қайтарып, дұрыс бағытқа түсу үшін жасалған  жұмысы, - деді Д. Есенова.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ысқақовтың айтуынша, көрменің жазасын өтеушілердің  дүниетанымына оң әсерін тигізері сөзсіз. Жазасын өтеушілер суреттері арқылы адами құндылықтарға деген ішкі жан дүниесін көрсетеді.

Жалпы, деструктивті бағытты ұстанушылар ән айту, сурет салу сынды мәдени шаралар мен салт-дәстүр,  мейрам, қоғамдық құндылықтарға түбегейлі қарсы болып келеді.

Ал, байқау кезінде жазасын өтеушілер қолдарына қалам алып  мемлекеттік рәміздерді, мерекелерді, дәстүрді сипаттап сурет салды.

Сарапшылар аталмыш шараны экстремистік пиғылдан қайтарудағы жетістік ретінде бағалады.

Өңірдегі «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту» орталығының директоры Гүлназ Раздықованың айтуынша,  сурет көрмесінің ұйымдастырылуына облыстық прокуратура өкілдері ұйытқы болыпты.

Көрме экстремизм мен терроризм баптары бойынша сотталғандар үшін сыртқы өмірмен араласып, жасаған қылмыстары үшін адамдардан кешірім сұрауға мүмкіншілік береді.

Облыс бойынша Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің Теологиялық және қайта оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының Бас инспекторы Руслан Садутың айтуынша, облыс  орталығындағы қайта түзеу колониясына аптасына бір рет теологтар, дінтанушылар, психологтар, тарихшы мамандар келіп оңалту жұмыстарын жүргізеді. Басқа да арнайы іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Нәтижесінде,  Экстремизм бабы бойынша сотталғандардың басым көпшілігін өз райынан қайтуда. Ұстанымдарының дұрыс еместігін түсінді. Жазасын өтеушілердің дүниетанымы өзгеруде.

 Себебі, олар негізгі діни мәліметті ғаламтордан, аудиодан, буклеттерден, күмәнді ақпарат көздерін алған.

Ал, оңалту саласында діни мамандар, теологтар мен психологтар осы салада ауқымды жұмыстар атқаруда. Өмірге деген көзқарастарын оңалту, түзеу арқылы сотталғандарды толеранттылыққа баулу және экстремистік, деструктивті санадан алшақтату, дәстүрлі діннің принциптері мен құндылықтарын насихаттау.

Сурет көрмесін өткізу арқылы терроризмге қарсы тұруға арналған  бұл шара еліміздің басқа өңірлерге таралуда.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген:  Айгүл Есенәлиева

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Президент Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

19.03.2019

Алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету - Елбасы

19.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанымызды сақтай біліңіздер - Елбасы

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат

19.03.2019

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттік өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттің өкілеттігін атқару Қ.Тоқаевқа жүктеледі

19.03.2019

Алматыда әлеуметтік көмек мөлшері артады

19.03.2019

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

19.03.2019

Джиу-джитсу Азиада бағдарламасына енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу